Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп басшысы дарындыларды құттықтады
27
декабрь
2022
Мектеп басшысы дарындыларды құттықтады
Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы қалалық пән олимпиадасы мен "Дарын" ғылыми жоба байқауының жүлдегерлері мен жетекшілерін құттықтап, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Олар: Ақыл Дарын - 5 сынып - Математика пәні бойынша І орын, жетекшісі Сванкулова Әсем Серікбайқызы; Төлеухан Құңдыз - 5 сынып - Қазақ тілі пәні бойынша IIІ орын, жетекшісі Мұхажанова Тұрсынхан Ескелдіқызы; Балқашбай Әлинұр - 9 сынып - Тарих пәні бойынша II орын, жетекшісі Берликожанова Айгерим Жанатқызы;
"Рақмет саған, ӘЛІППЕ!"
27
декабрь
2022
"Рақмет саған, ӘЛІППЕ!"
2022 жылдың 26-27 желтоқсан күндері мектебіміздің 1 сынып балғындары алғашқы оқулығы Әліппемен қоштасты. Алғаш қолдарына ұстаған оқулығы Әліппені оқып, жазып, сызуға үйренген бүгінгі оқушылар жан-жақты өнерлерін көрсетіп, меңгерген білімдерін бекітті. Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар мен ұстаздар бүлдіршіндердің өнерлеріне тамсана да, таңдана да қарап, алдағы оқу күндеріне сәттілік тіледі.
Адамова Айдария Әлем чемпионы атанды!
27
декабрь
2022
Адамова Айдария Әлем чемпионы атанды!
4б сынып оқушысы Адамова Айдария Әлем чемпионы атанды! Алматы қаласында өткен Әлемдік "I World Clubs Majorette Sport and Cheerleading International Clubs Championship" атты черлидерлер чемпионатында I орынға ие болды. Хореограф жетекшісі - Борисова Юлия Геннадьевна, сынып жетекшісі - Рамазанова Сандуғаш Жұмабекқызы. Құттықтаймыз!🏆🥇