Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ғаламтор мәдениеті және қауіпті аккаунттар"
04
февраль
2023
"Ғаламтор мәдениеті және қауіпті аккаунттар"
Мектебімізде 2022 жылдың 2-3 ақпан күндері "Ғаламтор мәдениеті және қауіпті аккаунттар" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ғаламторды дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, ғаламтор желісіндегі әртүрлі қауіпті аккаунттар мен сайттар туралы мәлімет беру. Қайғылы оқиғалардың алдын алу болып табылады.
"Жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру - басты құндылық"
04
февраль
2023
"Жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру - басты
Мектебімізде "Жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру - басты құндылық" атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға Жетісу облысы мен Талдықорған қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері, елді мекеннің құрметті азаматтары және жас мамандарымыз бен оқушыларымыз қатысып, өзара пікір алмасты. Шара барысында қазіргі жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, қазақстандық патриотизмді нығайту және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру екені айтылды.
"ECO-ALEM" экологиялық үстел ойыны
04
февраль
2023
"ECO-ALEM" экологиялық үстел ойыны
☘Мектебімізде білім алушылардың экологиялық білімдерін жетілдіру мақсатында 01.02.2023 күні 9-10 сынып оқушылары арасында "ЭКО-ALEM" экологиялық үстел ойыны ұйымдастырылды. Ойын қорытындысы бойынша 2-топ 1-ші орынға, 1-топ 2-ші орынға және 3-топ 3-ші орынға ие болды. ☘Ойынның мақсаты қатысушыларды қоқысты дұрыс сұрыптауға үйрету, қайта өңделетін қалдықтар туралы, сұрыптаудың жолдарын және экологиялық зиянды заттар жайлы мағлұмат бере отырып қоршаған ортаны таза ұстауға баулу болып табылады.