Ардагерлер ансамблі концерт берді
Жетісу облысының Ардагерлер ансамблі мектебімізге келіп, үлкен концерт берді. Ансамбльдің құрамында кеше жалындап еңбек еткен, ал бүгін зейнеткерлік демалыста жүрген ардақты ағалар мен ақ жаулықты әжелер бар. Кеш барысында қазақтың халық әндері мен әлемдік әндер де шырқалды. Жарқылдаған сахналық костюмдер, әсем ән, таза үн, жанды дауыс көрерменнің көңілін тебірентті.