Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ана өмірдің шуағы, қыз өмірдің қызғалдағы»
08
март
2023
«Ана өмірдің шуағы, қыз өмірдің қызғалдағы»
2023 жылдың 6–7 наурыз күндері 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана өмірдің шуағы, қыз өмірдің қызғалдағы» атты мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Мақсаты: Мереке жайлы мәлімет беру, анаға, қыздарға деген сыйластықты арттыру, мерекелік көңіл күй тудыру, ізеттілік пен сыйластыққа, рахымшылыққа тәрбиелеу. Шара барысында сыныптың ұлдары қыздарды мерекелерімен құттықтап, өнерлерін ортаға салып, ізгі тілектерін білдірді.  
"Бала және бағдаршам"
08
март
2023
"Бала және бағдаршам"
Жетісу облысы бойынша ағымдағы жылдың 27 ақпан мен 19 наурыз аралығында "Бала және бағдаршам" жобасы жүргізілуде. Осы орайда Талдықорған ҚПБ патрульдік полиция ротасының аға лейтенанттары Нығмет Азат Абзалұлы мен Карабаланов Айдар Амирханович және мектебіміздің жас кадеттері жол ережесін сақтау туралы дәріс сағаттарын өткізді. Жобаның негізгі мақсаты: Балаларға жол қозғалысының қауіпсіздік негіздерін насихаттау және қала көшелерінің қауіпсіз әрекет дағдыларын үйрету, сондай-ақ салауатты өмір