Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ана деген - тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды
09
март
2023
«Ана деген - тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды
2023 жылдың 7 наурыз күні мектебіміздің 10 сынып оқушылары нәзік жанды ұстаздарымыз бен кіші қызметкерлерді 8 наурыз - Халыкаралық қыздар күнімен құттықтау мақсатында «Ана деген - тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Шара барысында мектеп директоры Шалқар Мелісұлы бірқатар ұстаздар мен қызметкерлерді түрлі дәрежедегі Құрмет грамоталарымен марапаттап, жылы лебізін білдірді. Оқушыларымыз ән мен биден шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды.
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары марапатталды!
09
март
2023
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары марапатталды!
Бастауыш сынып мұғалімі Лаубаева Айнұр Ысқаққызы Жетісу облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса, директордың орынбасары, химия пәнінің мұғалімі Қалипанова Айгүл Тоқтарбекқызы мен бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Қамаш Ануарбекқызы Жетісу облыстық мәслихатының Алғыс хаттарымен марапатталды. Құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін!