«Айбын-2023» Халықаралық әскери-патриоттық ойындарында ІІІ орын!
2023 жылдың 16-24 маусым күндері аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында «Айбын-2023» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Аталған жиында еліміздің 20 өңірі мен Әзірбайжан және Өзбекстан Республикаларының әскери-патриоттық клубтары күш сынасты. Жиынның қорытындысы бойынша Жетісу облысының намысын қорғаған Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің «Жас десантшылар» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жүлделі ІІІ орынға ие болды. Олар: