Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2023

«Ел бірлігі мызғымас татулық»

22.09.2023 күні «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ дінтанушы мамандары С.Танысбаев пен Ж.Нұртай мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларымен «Ел бірлігі мызғымас татулық» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуден үзінді:  Досқа адалдық таныту мен қиналған жанға қолұшын – созу қазақтың қанына біткен асыл қасиет. Кешегі кеңестік солақай саясаттың салдарынан қуғын көріп, туған жерінен қуылған мыңдаған халық қазақ даласынан сая тапты. Аталарымыз өздері таршылық көріп отырса да, жер ауып келгендерді жатсынбай, жарты нанды бөлісіп жеді. Ешкімді дініне, ұлтына немесе нәсіліне қарап кемсітпеді. Бұдан қазақ жаман болған жоқ. Қайта, әлемге ұлтаралық татулық пен келісімнің соны үлгісін көрсете білді. Әр ұлттың өз тілі мен мәдениеті бар. Тілі бөлек елдің дүниеге деген көзқарасы, сенімі бөлек болады. Әлемде орын алып жатқан түрлі келеңсіздіктердің дені – осындай түсінбестіктен туындаған жағдайлар. Президент бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық татулықты сақтау бағытында ғана емес, қоғамдағы келеңсіздіктерді жою, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау бағытында жұмыс істеп жатыр. ​https://www.instagram.com/p/CxfohXmJ0Sw/?hl=ru​​​