06
апрель
2024
"Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы"
Біртұтас тәрбие жоспарына сай 2024 жылдың 1 - 5 сәуір аралығында мектебімізде "Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы" тақырыбында экологиялық апталығы өткізілді. Апталық аясында 1-4 сыныптарда «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла» қолөнер шеберханасы, 5-6 сыныптармен «Экология тазалығы – денсаулық кепілі», 7-8 сыныптармен «Экологиялық калейдоскоп» тақырыптарында сынып сағаттары, 9-11 сыныптармен «Экологиялық мәдениет дегеніміз не?» тақырыбында пікір алмасу сағаттары ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі ретінде дұрыс экологиялық дүниетанымды қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты, сондай-ақ адам сияқты өмір сүруге құқығы бар әрбір тірі жанға қамқорлық жасауға үйрету. Оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ескере отырып, мектепте экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің интеграцияланған жүйесін қалыптастыру.












