09
сентябрь
2018
«ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциясы өз жалғасын табуда
Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні мектебімізде «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциясы аясында «10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында ата –аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысын мектебіміздің директоры Ш.М.Құдайбергенов ашып, конференцияның мақсат, міндеттерімен таныстырып өтті. Жиналыс барысында мектебіміздің психолог мамандары А.Н.Нұғыманова мен Т.Д.Нұрғалиева ҰБТ-ге дайындық және тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі, кәмелетке толмаған балалардың ауто-деструктивті мінез-құлқының алдын алу, сонымен қатар жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына тоқталды. Жиналысқа 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары толығымен қатысып, отбасы мен мектеп тығыз байланыста екендігін көрсетті. Ата-аналар жас ерекшеліктеріне байланысты сауалнамалар толтырып, әр түрлі мақсаттағы бейнебаяндар тамашалап, жадынама кітапшалар алып жақсы көңіл –күймен қайтты. Сонымен қатар жиынның ұйымшылдықпен өтуіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, логопед-дефектолог мамандар, сынып жетекшілер өздерінің септіктерін тигізді.