Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №4
20
январь
2019

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №4

Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №4

Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жүйесі
18.01.2019 ж
Қатысушылар саны- 13:
Қамқоршылық кеңес мүшелері
Күн тәртібінде:
1. «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын жүргізу туралы;
2. Мектеп асханасында балаларды сапалы тағамдармен қамтамасыз ету;
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы Б.Шлембаева қамқоршылық кеңес мүшелеріне Талдықорған қалалық білім бөлімінің арнайы хатымен таныстырып, жалпыға міндетті «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру керектігін айтып өтті.
Кеңес мүшелерінің тарапынан қайырымдылық акциясы үшін арнайы есептік шот ашу керектігі жөнінде ұсыныс білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп асханасындағы балаларды сапалы тағамдармен қамтамасыз ету мәселесі айтылды. Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балаларды ыстық тағаммен қамтамасыз ету жолдары айтылды. Мектеп асханасындаға мәзірдегі тағамдардың сапалы, құнарлы, пайдалы болуын қадағалау жөнінде ұсыныстар айтылды. Мектеп асхананы жалға алушы Г.Ш. Орынбаева өз тарапынан ас мәзірінің талапқа сай екенін, балалар талғамына сай қандай да бір өзгерістер енгізіп, қажеттілікті қанағаттандыруға дайын екенін айтып өтті.
Сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Қаулы:
1. Жоспарға сәйкес мектепте «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы жүргізілсін.
2. Мектеп асханасында балаларды сапалы тағамдармен қамтамасыз етілу қадағалансын.

Кеңес төрайымы : Б.Шлембаева
Кеңес хатшысы: Б.Тасболатова