Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер", "Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық"
06
октябрь
2021

"Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер", "Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық"

2021 жылдың 06 қазан күні жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларымен "Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттер", "Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық" тақырыптарында ашық алаң жиналысын өткізді. Аталмыш жиынға қалалық полиция департаментінен полиция аға лейтенанттары Г.Сәкенова мен Е.Нусиповтар қатысты. Шара барысында полиция қызметкерлері сөз алып, жастар арасында белең алып тұраған қылмыс пен құқықбұзушылық, зиянды әдеттер зардабы, электронды темекі, шылым, насыбай, алкоголь туралы, оларға қатысты жаза түрлері және әлсіз жандарға қатысты әлімжеттік көрсету қылмысы туралы айтылды. Кешкі уақытта балалардың ата-анасыз, яғни заңды қамқоршысыз жүруге болмайтыны туралы түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелеттік жастар арасындағы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен қорғану шаралары туралы түсіндірілді. Жиналыс соңыңда оқушылар сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Бұл шара орта буын сыныптарымен де жалғасын таппақ.