Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Елбасы мұрасы" тақырыбында өткен сурет салу байқауының жүлдегерлері анықталды
05
декабрь
2020
"Елбасы мұрасы" тақырыбында өткен сурет салу байқауының жүлдегерлері
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған сурет салу өнері байқауының жүлдегерлерін құттықтаймыз! "Елбасы мұрасы" тақырыбы бойынша Абеу Динара І орын, Әділбекұлы Олжас ІІ орын және Мырзахан Аружан ІІІ орын. Ал "Елбасы және спорт" тақырыбы бойынша Қожрахмет Ақсая І орын, Данабай Айжан ІІ орын және Депутат Жанел ІІІ орын. Өнерлерің өрге жүзсін!
«Ертеңіңді ойласан есірткіге жолама»
05
декабрь
2020
«Ертеңіңді ойласан есірткіге жолама»
2020 жылдың 4 желтоқсан күні "Денсаулықты ықпал ететін мектептер" жобасы жоспарына сай "Салауатты өмір салтын насихаттау" орталығы мамандары мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен «Ертеңіңді ойласан есірткіге жолама» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Мақсаты: Оқушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған, ғасыр дертіне айналып отырған нашақорлықтың зардаптарын түсіндіру, зиянды заттардан аулақ болуға шақырып, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
"Педагогикалық дебют-2020" байқауында ІІІ орын!
05
декабрь
2020
"Педагогикалық дебют-2020" байқауында ІІІ орын!
Мектебіміздің жас маманы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тарыбаева Шынар Бейсенбинқызы қалалық "Педагогикалық дебют-2020" байқауына қатысып, ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жас ұстазға алғашқы жеңісінің алдағы алар асуларынның бастауы болсын деген тілек білдіреміз.
"Үздік өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі" байқауында І орын
04
декабрь
2020
"Үздік өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі" байқауында І орын
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Батышева Бақытгүл Темурханқызы қалалық "Үздік өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі" байқауында І орынды жеңіп алды. Танымдық дүниетанымы кең, кәсіби құзыретті, өзіндік жаңашыл идеясы бар әріптесімізді құттықтай отырып, алар асуы биік болсын дегіміз келеді.
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты апталық өткізілді
02
декабрь
2020
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты апталық өткізілді
2020 жылдың 23 мен 30 қараша күндері аралығында мектебімізде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты апталық өткізілді. Барлық сыныптарда тақырыпқа сай тәрбие сағаттары жүргізіліп, жас ерекшеліктеріне қарай «Болашаққа бастар жол», «Парасатты шешім», «Сын сағат», «Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Елбасы ролі» фильмдері көрсетілді. Кітапханада «Елбасы – кеменгер көшбасшы!» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, видео ролик арқылы библиографиялық шолу
«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыныстық тәрбие»
28
ноябрь
2020
«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыныстық тәрбие»
2020 жылдың 27 қараша күні мектебімізде педагог-ұйымдастырушы Л.Ирсимбетова, мектеп психологтары А.Нұғыманова мен Д.Көкежанова және мектеп инспекторы М.Қозілиястың ұйымдастыруымен қыздар арасында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыныстық тәрбие» тақырыбында онлайн жиналыс өткізілді. Аталмыш вебинарға 7-11 сыныптың қыздары қатысты. Шара барысында ерте жастан жүктілік туралы мағлұматтар айтылып, денсаулыққа кері әсері жайында мәліметтер берілді. Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған
Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев
27
ноябрь
2020
Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев
Ағымдағы жылдың қараша айының 27-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі мекебіміздің 6-9 сынып оқушыларына Zoom платформасы арқылы балалар қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен еңбегі туралы онлайн дәріс өткізді.
«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
21
ноябрь
2020
«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»
2020 жылдың 16 - 20 қараша күндері аралығында мектебімізде «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты апталық өткізілді. Апталық аясында барлық сыныптарда тақырыпқа сай сынып сағаттары, 8 сынып оқушылары арасында «Туым намыс, ұраным бірлік, рәміздерім мақтанышым» атты зияткерлік ойын, 2 - 6 сыныптарда «Рәміздерім - мақтанышым» атты сурет салу көрмесі, 1-10 сыныптарда «Мен Туымды мақтан етемін» - бейнеролик челленджі өткізілсе, мектеп кітапханасында орналасқан ҚР Мемлекеттік рәміздеріне
«Туым намыс, ұраным бірлік, рәміздерім мақтанышым» атты зияткерлік ойын
21
ноябрь
2020
«Туым намыс, ұраным бірлік, рәміздерім мақтанышым» атты зияткерлік
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін насихаттауға, құрметтеуге, оқып, үйренуге бағытталған іс-шаралар аясында 8 сынып оқушылары арасында «Туым намыс, ұраным бірлік, рәміздерім мақтанышым» атты зияткерлік ойын өткізілді. Тәуелсіз елдің ұлттық нышандары -Ата Заң, Ту, Әнұран, Елтаңбаның символикалық белгілерін тарихы жайлы мағлұматтар беріліп, зияткерлік сұрақтар қойылды. Балалар өзара білімдерін сынап, өз көзқарастарын білдірді. Оқушылар Мемлекеттік рәміздер ел тарихының, азаматтарының
«Шоқан – сұңғыла саяхатшы»
19
ноябрь
2020
«Шоқан – сұңғыла саяхатшы»
Мектебімізде 19.11.20 күні Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған «Шоқан – сұңғыла саяхатшы» атты онлайн – конференция өткізілді. Конференцияның басты мақсаты – қазақтың бір туар ұлы Шоқанның әлеміне саяхат жасау, зерттеулерімен таныстыру, ғалымды әр қырынан таныту. Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, шығармашылық еңбектері жайында оқушы білімін толықтыру, түсініктерін, ой - өрістерін кеңейту. Ұлттық мақтанышымыз Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы