Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қалалық "Мектеп лигасы" ашылу салтанаты
06
февраль
2018
Қалалық "Мектеп лигасы" ашылу салтанаты
Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 6 қаңтарында N25 мектепте қалалық "Мектеп лигасының" ашылу салтанаты өткізілді. Осы аталмыш шарада мектебіміздің 10 сынып оқушысы Өкен Əбілқайыр жүргізуші мəртебесіне ие болса, 8 сынып оқушылары спорттық шеруге қатысып, чемпиондардың ізгі тілектеріне ие болды.
"Қамқорлық-2018" қайырымдылық акциясы
06
февраль
2018
"Қамқорлық-2018" қайырымдылық акциясы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 2018 жылдың 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Осы аралықта демеушілік көмегімен мектебіміздің 41 баласына 325 мың теңге
"Не позволяй душе лениться"
02
февраль
2018
"Не позволяй душе лениться"
Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз дамыту мақсатында орыс тілі пәнінің мұғалімі А.С.Дүйсекенова мен мектеп психологы Т.Д.Нұрғалиева 8а сыныбында "Не позволяй душе лениться" тақырыбында орыс әдебиеті мен психологиядан кіріктірілген сабақ өткізді. Сабақ өте әсерлі өтті. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысты, ақын Н.А.Заболоцкийдің өленің жатқа айтып, мән-мағынасын түсіндіре білді.
"Қызықты физика"
01
февраль
2018
"Қызықты физика"
Үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында физика пәнінің мұғалімі Г.Исембаева 8 сыныптар арасында "Қызықты физика" тақырыбымен білімгерлер сайысын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Сайыс қорытындысы бойынша І орынға 8а сыныбы, ІІ орынға 8б сыныбы және ІІІ орынға 8ә сыныбы ие болды. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын
Шеберлікті шыңдау әр ұстаздың кредосы
01
февраль
2018
Шеберлікті шыңдау әр ұстаздың кредосы
Ағымдағы жылдың 31 қаңтар - 1 ақпан күндері жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз дамыту мақсатында мектебімізде шеберлік сабақтары өткізілді. Химия пәнінің мұғалімі Ғ.Ө.Кәмпитова 7а сыныбында "Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі" тақырыбында сабақ өткізсе, орыс тілі пәнінің мұғалімі М.М.Құнапиянова мен бастауыш сынып мұғалімі Р.Орынбекова 1б сыныбында "Транспортные средства" тақырыбында орыс тілі мен жаратылыстанудан кіріктірілген сабақ
Бұрабайдан бас жүлде!!!
31
январь
2018
Бұрабайдан бас жүлде!!!
Бұрабай-Щучье қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған "Зерде" ХІІІ республикалық байқауында мектебіміздің 7 сынып оқушысы Орынтай Үміт І орынды жеңіп алды. Жеткшісі технология пәнінің мұғалімі Жанаргүл Сағатова. Облысымыздың абройын асқақтатқан әріптесіміз бен оқушымызға алғысымызды білдіріп, алдағы уақытта көптеген жеңістер тілейміз! Құтты болсын!
"Читать - это здорово!"
30
январь
2018
"Читать - это здорово!"
2018 жылдың 30 қаңтар күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын орындау мақсатында мектебімізде орыс тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Читать - это здорово!" ұранымен жалпы мектептік акция өткізілді. Мақсаты: Оқырмандардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру. Өзара көркем әдебиетті, шетел классик жазушыларының туындыларын насихаттау.
«Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты»
26
январь
2018
«Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауының тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін атап өткен болатын. Осыған орай, аталған тоғызыншы бағыты бойынша үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында сағат 11.00-де, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтық құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес
«Жемқорлықсыз әлем»  сурет байқау-көрмесі
22
декабрь
2017
«Жемқорлықсыз әлем» сурет байқау-көрмесі
Мектебіміздің "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелері мен бейнелеу пәні мұғалімі Б.Т.Омаралин "Жемқорлықсыз әлем" тақырыбында сурет көрмесі байқауын ұйымдастырды. Мақсаты: өскелен ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың суреттері арқылы олардың ойларын, көзқарастарын білу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманымен кездесу сабақ
29
октябрь
2017
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманымен
2017 жылдың 27 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Салиханов Сырым Рахметоллаұлы мектебіміздің "Адал ұрпақ" мүшелерімен және 10 сынып оқушыларымен кездесу сабақ өткізді. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: 1."Электронды үкімет" және 2.«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті». Оқушылар келген қонаққа өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды, өз ойларын ортаға салды.