Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Бақытты ана – бақытты балалар»
21
апрель
2022
«Бақытты ана – бақытты балалар»
2022 жылдың 15 сәуір күні 2ғ сынып жетекшісі Зекенова Жұлдыз Серікбайқызы сыныптың ата-аналарымен «Бақытты ана – бақытты балалар», "Оқу мен тәрбие - егіз" тақырыптарында тренинг өткізді. Іс-шара мақсаты - ата-ана мен бала жауапкершілігін арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеп, ізгі қасиеттерді үлгі ету.
Педагог-дефектолог облыстық байқауда ІІІ орынға ие болды!
21
апрель
2022
Педагог-дефектолог облыстық байқауда ІІІ орынға ие болды!
Мектебіміздің педагог-дефектологы Бекмухаметова Айдана Айдынқызы облыстық "Үздік түзету-дамыту сабағы" байқауына қатасып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
«Бейнемонтаж» құзыреттілігі бойынша жүлделі I орын!
21
апрель
2022
«Бейнемонтаж» құзыреттілігі бойынша жүлделі I орын!
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде өткен «WORLDSKILLS JUNIORS ZHETYSU-2022» аймақтық чемпионатында мектебімізідің 10 сынып оқушысы, мектеп президенті Ақынқызы Ақерке «Бейнемонтаж» құзыреттілігі бойынша жүлделі I орынға ие болып, жеңімпаз атанды. Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі Әсия Қалиева. Құттықтаймыз!
"Жас құтқарушылар" жасағы қалалық өрттен құтқару спорты жарысында ІІ орын!
21
апрель
2022
"Жас құтқарушылар" жасағы қалалық өрттен құтқару спорты жарысында ІІ
Мектебіміздің "Жас құтқарушылар" жасағы қалалық өрттен құтқару спорты жарысында ІІ орынға ие болды! Жаттығу мұнарасының "2-ші қабатының терезесіне жылдам шығу" бойынша 11 сынып оқушысы Марат Али І орынға, Айтмұханбет Әбілмансұр ІІ орынға және "Алғашқы медициналық көмек көрсету" бойынша қыздарымыз ІІІ орынға ие болды! Жетекшісі АӘДТ пәнінің оқытушысы Бауыржан Мустафинов. Құттықтаймыз! View this post on Instagram A post shared by Бактыбай Жолбарысулы Мектебі (@mektep18.taldykorgan)
Кезекті кәсіптік бағдар беру жұмысы
18
апрель
2022
Кезекті кәсіптік бағдар беру жұмысы
2022 жылдың 18 сәуір күні "Жастар ресурстық орталығының" мамандары мен колледж оқытушылары 9-11 сынып оқушыларымен және ата-аналармен кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өткізді.
Қалалық Дебаттық ойындарда ІІІ орын!
18
апрель
2022
Қалалық Дебаттық ойындарда ІІІ орын!
2022 жылдың 16 сәуір күні «2022 жыл – Балалар жылына» орай «Бақытты бала – болашақ кепілі» мектеп оқушыларының қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Қалалық кезеңге қазақ тілінде 24 команда, орыс тілінде 15 команда (жалпы 78 оқушы) өзара мықты команданы анықтады. Нәтижесінде мектебіміздің «Зере» командасы ІІІ орынға ие болды. Олар: 8 сынып оқушылары Марат Айназ бен Актаева Толғанай! Жетекшісі Садуақасова Анар Доспайқызы.
“Мен және менің полицейім” имидждік акциясы өткізілді
18
апрель
2022
“Мен және менің полицейім” имидждік акциясы өткізілді
2022 жылдың 11-15 сәуір күндері аралығында “Мен және менің полицейім” имидждік акциясы өткізілді. Акция барысында білім алушылармен "Полицей - дос және қорғаушы" тақырыбында дәрістер жүргізілді. Сондай-ақ кадет сыныбы оқушыларына қаламыздағы Алматы облыстық Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Аталмыш мұражайда Жетісу жерінде алғаш құрылған милиция сарбаздарының арнайы пішінді киімі мен сол кезде қолданған қару-жарағы, сонымен бірге, қызметтік міндетін орындау кезінде
«Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы»
16
апрель
2022
«Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы»
ЮНЕСКО-ның ескерткіштерді қорғау жөніндегі Халықаралық Кеңесінің Ассамблеясы 1983 жылы 18 сәуірді «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні» деп белгіленген, осыған орай 15.04.2022 күні мектебіміздің 7а сынып оқушылары қаламыздағы Ақын Сара ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы» тақырыбында әдеби-тағзым ету, тарихи танымдық сағатын ұйымдастырды. Сынып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Әйгерім Берліқожанова.
«Бақытты бала- болашақ кепілі» - дебаты
15
апрель
2022
«Бақытты бала- болашақ кепілі» - дебаты
12-13.04.2022 жылы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 ОМЛ-де қалалық дебат ойынына іріктеу мақсатында 2022 жыл- Балалар жылына орай «Бақытты бала- болашақ кепілі» атты 8-сыныптар арасында мектепішілік пікірсайыс ойыны 2 кезеңде өткізілді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев дебатшыларды құттықтап, дебат қозғалысының қазіргі кездегі маңыздылығына тоқталды. Пікірсайыста 1. «БП ата,аналардың өз балаларының әлеуметтік желідегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек деп есептейді.» 2.