Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бірлескен жұмыс ұтымды
16
март
2022
Бірлескен жұмыс ұтымды
"Балалар жылы" мен "Біз денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеппіз" жобасы аясында 2022 жылдың 15 наурыз күні "Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі" мемлекеттік-коммуналдық мекемесінде 8-11 сынып оқушыларымен кең ауқымды жиналыс өткізілді. Аталмыш жиналысқа -педагог-ұйымдастырушы – Б.Тайыржан, педагог-психолог – Д.Қ.Көкежанова, Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ УПИ мектеп инспекторы полиция лейтенанты – Д.Тұрсынова, акушер-гинеколог дәрігері – Дәулетбақ Айкерім Қазыбекқызы және «Жастар
Қалалық Ілияс Жансүгіров оқуларында екі жүлде!
15
март
2022
Қалалық Ілияс Жансүгіров оқуларында екі жүлде!
15.03.2022 күні жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында №2 орта мектепте қалалық І.Жансүгіров оқулары өтті. Аталмыш байқауда 8б сынып оқушысы Нұрдәулет Ерасыл І орынға ие болса, 8в сынып оқушысы Адельбаева Бибинұр ІІІ орынға ие болды. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Жылкелдиева Гүлнұр Еркінбекқызы мен Бейсенбай Гүлдана. Құттықтаймыз!!!
"Алтын сақа" олимпиадасында жүлдегер атандық
15
март
2022
"Алтын сақа" олимпиадасында жүлдегер атандық
Мектебіміздің 4 сынып оқушылары математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасында жүлдегер атанды. Олар: 4а сынып оқушылары Сағи Тоғжан ІІ орын және Нұршатұлы Көкарыс ІҮ орын, жетекшісі Дүтбаева Ләззат; 4ә сынып оқушысы Қиса Айбек ІІІ орын, жетекшісі Туғанбаева Рысжамал. Құттықтаймыз!
"Жыр алыбы -Жамбыл" атты жас ақындар айтысында ІІІ орын
15
март
2022
"Жыр алыбы -Жамбыл" атты жас ақындар айтысында ІІІ орын
Мектебіміздің 8б сынып оқушысы Данабай Айжан Республикалық "Жыр алыбы -Жамбыл" атты жас ақындар айтысында ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Садуақасова Анар Доспайқызы! Құттықтаймыз!
Айдария "Жыл оқушысы-2021" атағына ие болды
15
март
2022
Айдария "Жыл оқушысы-2021" атағына ие болды
Мектебіміздің 3б сынып оқушысы Адамова Айдария оқушылар арасында өткен Республикалық байқауына қатысып, "Жыл оқушысы-2021" атағына ие болды. Сынып жетекшісі Рамазанова Сандуғаш Жұмабекқызы! Құттықтаймыз!
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
15
март
2022
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
2022 жылдың 14 наурыз күні "Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі" мемлекеттік-коммуналдық мекемесінде мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа қалалық Полиция Департаменті қызметкерлері полиция аға лейтенанты Ракымбеков Ринат Тұрданғазыұлы, мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Тұрсынова Дана, қалалық білім бөлімі қызметкері Гүлмира Әділбекқызы және мектеп директоры Шалқар Мелісұлы қатысты. Аталмыш жиналыста "ҚР
Жастардың тәрбиесі мен жағымсыз әрекеттері
15
март
2022
Жастардың тәрбиесі мен жағымсыз әрекеттері
2022 жылдың 14 наурыз күні "Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі" мемлекеттік-коммуналдық мекемесінде мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов 10-11 сынып оқушыларына жиналыс ашты. Аталмыш шара ашық алаң түрінде өткізілді. Шара барысында қазіргі жастардың тәрбиесі мен жағымсыз әрекеттері туралы әңгіме өрбіді. Оқушылар сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
"Қолөнер галереясы" ашылды
14
март
2022
"Қолөнер галереясы" ашылды
"Балалар жылы" аясында Наурыз мерекесі қарсанында 2022 жылдың 11 наурыз күні мектебімізде "Наурызға тарту" ұранымен "Қолөнер галереясы" ашылды. Мақсаты: Ұлтымыздың қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. View this post on Instagram A post shared by Бактыбай Жолбарысулы Мектебі (@mektep18.taldykorgan)
Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат
14
март
2022
Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат
2022 жылдың 11 наурыз күні мектебіміздің АӘДТ пәнінің оқытушысы Б.Мустафинов 10 сынып оқушыларына қаламыздағы Алматы облыстық Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды. Аталмыш мұражайда Жетісу жерінде алғаш құрылған милиция сарбаздарының арнайы пішінді киімі мен сол кезде қолданған қару-жарағы, сонымен бірге, қызметтік міндетін орындау кезінде ерлік көрсеткендердің өмірі мен қызметін баяндайтын деректер оқушылардың қызығушылықтарын оятты.
"Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді
14
март
2022
"Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді
2022 жылдың 11 наурыз күні мектепішілік "Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді. Сайыстың мақсаты — талантты мұғалімдерді анықтау, білім берудің жаңашылдық педагогикалық тәжірибесін насихаттау, педагогтардың шығармашылық өсуін қолдау, мұғалімнің жеке басының дамуын ынталандыру. Байқау бес кезеңнен тұрды: 1 кезең, шығармашылық таныстырылым - "Мен 21 ғасыр мұғалімімін", 2 кезең, сұрақ-жауап "Ой-көкпар", 3 кезең, бейнеролик түсіру "Өз-өзіне режиссер", 4 кезең - Импровизациялық тапсырма "Тәрбие деген