Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Шомылуға барайық, қуат жинап қайтайық”
24
июль
2024
“Шомылуға барайық, қуат жинап қайтайық”
24.07.2024 күні “Қарлығаш” жазғы алаң балаларына “Мұражай - тарихтан сыр шертеді” айдарымен қаламыздағы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Ал 8 сынып оқушылары “Шомылуға барайық, қуат жинап қайтайық” ұранымен қаламыздағы “Family park” бассейіне барып, шомылып қайтты.  
"Мультик -Тайм" және "Песни на кассете"
23
июль
2024
"Мультик -Тайм" және "Песни на кассете"
23.07.2024 күні "Қарлығаш" жазғы алаң балаларына «Мультик-Тайм» ұранымен анимациялық фильм көрсетіліп, тақырыпқа сай балаларымыз сурет салды. Әрмен қарай «Песни на кассете» атты караоке-шоу ұйымдастырылды. ​https://www.instagram.com/p/C9wdNtxJ8R0/​​​  
«Алақай, табиғат қандай тамаша!»
22
июль
2024
«Алақай, табиғат қандай тамаша!»
22.07.2024 күні "Қарлығаш" жазғы алаң балаларына «Алақай, табиғат қандай тамаша!» ұранымен орталық саябақта ойындар ұйымдастырылды. Ал жоғары сынып оқушылары пикникке шықты.
«Балалар кітапханасына» танымдық саяхат
19
июль
2024
«Балалар кітапханасына» танымдық саяхат
«Қарлығаш» жазғы алаңының төртінші маусымының бесінші күні 19.07.2024 ж. күні балалар «Балалар кітапханасына» танымдық саяхатқа барып қайтты. Сондай-ақ табиғат аясында кітап оқып, бір-біріне мазмұндап берді.
«Мен спортшы баламын»
18
июль
2024
«Мен спортшы баламын»
«Қарлығаш» жазғы алаңының екінші маусымының төртінші күні 18.07.2024 ж. балалар ертеңгілік таңғы бой жазу жаттығуымен басталып, жазғы алаң балалар арасында «Мен спортшы баламын» атты көңілді-эстафеталық ойындар өткізілді. Іс-шара мақсаты: балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, командалық бірлікті нығайту, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
"Мұражай – құндылықтар мекені"
17
июль
2024
"Мұражай – құндылықтар мекені"
"Жазғы алаң-2024”: 17.07.2024 күні "Мұражай – құндылықтар мекені" ұранымен мектебіміздің жазғы алаң бүлдіршіндеріне қаламыздағы орналасқан М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақтарды отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, танымдық құштарлыққа жетілдіру, өсіп-өнген өлкесін танып білуін, тарихи білімін қалыптастыру, салт-дәстүрін дәріптеу, патриоттық сезімдерін ояту.
«Cinema - ғажайып әлем»
16
июль
2024
«Cinema - ғажайып әлем»
"Қарлығаш" жазғы алаң балалары «Cinema - ғажайып әлем» айдарымен кинотеатрға барып, «Гадкий Я-4» анимациялық фильмін тамашалап қайтты. #жазғыалаң2024 #бақыттыбалалықшақ 
"Талды қала Талдықорған!"
15
июль
2024
"Талды қала Талдықорған!"
«Қарлығаш» жазғы алаңының төртінші маусымының бірінші күні 15.07.2024 ж. алғашқыда "Жазғы алаң шуақты" атты флеш-моб ұйымдастырылды, содан соң балаларға жазғы алаң кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Әрмен қарай "Талды қала Талдықорған!" ұранымен орталық саябаққа саяхат ұйымдастырлып, қызықты ойындар ойнап қайтты.
«TARTYL FEST» жарысында жеңімпаз атандық!
15
июль
2024
«TARTYL FEST» жарысында жеңімпаз атандық!
Талды қаламызда «Aula fit» жобасы аясында белтемірде тартылудан «TARTYL FEST» жарысы өтті. Тартысқа толы жарысқа 50 ден аса спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары үздік нәтиже көрсетті. I орынға Меделхан Бекарыс және III орынға Меделхан Бағжан ие болды. Құттықтаймыз!
“Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел”
13
июль
2024
“Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел”
"Жазғы алаң-2024" аясында Жетісу облысы білім басқармасының "Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының" ұйымдастыруымен “Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел” тақырыбындағы өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен өткен зияткерлік ойынында мектебіміздің 9”ғ” сынып оқушысы Сейдулла Айару үздіктер қатарынан көрініп, Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілік еткен Бейсенбай Гүлдана мен сынып жетекшісі Қ.Ж.Қуанышбаев Алғыс хаттарға ие болды.