Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Балалар алаңы қызықты"
01
июль
2024
"Балалар алаңы қызықты"
"Қарлығаш" жазғы алаң балаларына ІІІ кезең бастау алды. "Жас өрен - жаз келді" ұранымен флеш-моб билетіп, "Балалар алаңы қызықты" тақырыбында орталық саябақта ойындар ұйымдастырылды.
"Әскери робото-техника" бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын
01
июль
2024
"Әскери робото-техника" бағыты бойынша жүлделі ІІІ орын
Мектебіміздің 10б кадет сыныбы оқушысы Алпысбай Медет «Айбын-2024» Х халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны жарысында "Әскери робото-техника" бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! - Осы жылғы жиынға барлығы 50 команда қатысты, солардың ішінде Әзірбайжан, Беларусь, Қырғыстан, Ресей, Өзбекстан елдерінен де әскери-патриоттық клубтарының тәрбиленушілері қатысып, бақтарын сынады.  
Шуақты жаз
29
июнь
2024
Шуақты жаз
«Қарлығаш» жазғы алаңы: 28.06.2024 ж. ертеңгілік таңғы бой жазу жаттығуымен басталып, балаларымыз Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарын анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту мақсатында өткен «Шуақты жаз» іс-шарасына қатысып қайтты. Оқушыларға экскурсия жүргізіліп, кітапхана ережесі мен бөлімдері таныстырылды. Сондай-ақ, «Зейін TIME» ойыны ойнатылып, «Cover show» атты караоке
"Спорт достықтың кепілі"
28
июнь
2024
"Спорт достықтың кепілі"
"Қарлығаш" жазғы алаң балалары арасында "Спорт достықтың кепілі" атты көңілді-эстафеталық ойындар өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, командалық бірлікті нығайту, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
«Жаз қызығы шомылу!»
27
июнь
2024
«Жаз қызығы шомылу!»
«Қарлығаш» жазғы алаң жоспарына сәйкес бүгін балаларымыз «Жаз қызығы шомылу!» ұранымен қаламыздағы «Baunty» демалыс бассейніне барып, күндерін қызықты өткізіп келді.
"Фото-музыкалық квест"
26
июнь
2024
"Фото-музыкалық квест"
"Қарлығаш" жазғы алаң балаларымен "Фото-музыкалық квест" ойыны өткізілді. Әрмен қарай "Ән шырқайық бәріміз" ұранымен караокеде ән айтты. Шараның мақсаты: Балалар ұжымын біріктіру; тез шешім қабылдауға үйрету; командада жұмыс жасауды жетілдіру. Музыкалық, шығармашылық дағдыларын арттыру. 
Головоломка
25
июнь
2024
Головоломка
“Қарлығаш” жазғы алаң балалары кинотеатрға барып, эмоцияға толы “Головоломка” атты анимациялық фильмін көріп қайтты.
"Жаз мезгілі қызықты"
24
июнь
2024
"Жаз мезгілі қызықты"
"Қарлығаш" жазғы алаң балалары "Жаз мезгілі қызықты" тақырыбында асфальтқа сурет салды. Әрмен қарай саябақта қызықты ойындар ойнап, көңілдерін көтеріп қайтты.
Мектеп әкімшлігі ІІ орынға ие болды!
22
июнь
2024
Мектеп әкімшлігі ІІ орынға ие болды!
Мектебіміздің әкімшлігі 2023-2024 оқу жылында дарынды оқушылармен жұмыстың қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, қалалық білім бөлімі басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Жазғы алаң қызықты өтуде
21
июнь
2024
Жазғы алаң қызықты өтуде
“Қарлығаш” жазғы алаң аясында оқушыларымыздың демалысы таңғы бой жазу жаттығуларымен басталды. Ары қарай оқушылар мектеп ауласында шахмат ойнады, сосын қаламыздағы С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапханаға барып экскурсия жасап кітапханамен танысты, Сонымен қатар оқырман билетін алып, өздеріне ұнайтын кітаптарын оқуға алды. Ал кіші сынып балаларына табиғат аясына жорық ұйымдастырылды. Балаларымыз қызықты ойындар ойнап, көңілдерін көтеріп қайтты. ​https://www.instagram.com/p/C8d_idaCtcQ/​​​