Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Дарындылар шеруі - 2024"
23
май
2024
"Дарындылар шеруі - 2024"
2024 жылдың 23 мамыр күні мектебімізде "Дарындылар шеруі - 2024" салтанаты өткізілді. Шара барысында мектебіміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары, олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары, спорттық сайыстар мен интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздары, жас ғалымдар марапатталды. Жеңістен жеңіске жете берейік! Құттықтаймыз!  https://www.instagram.com/p/C7XE8V-p_Sb/
«Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік»
22
май
2024
«Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік»
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 2024 жылдың 20-23 мамыр күндері аралығында мектеп бойынша «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік» тақырыбында жасөспірімдер арасында оқыс оқиға мен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шара барысында жаз мезгіліндегі, шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары мен өрт қауіпсіздігі туралы, жолда жүру қауіпсіздігі, электр-тоқтары қауіпсіздігі туралы, кішкене балаларды қараусыз қалуының алдын алу туралы, жасөспірімдер
"Жас Ұлан" әскери-патриоттық ойындарында ІІІ орынға ие болдық!
21
май
2024
"Жас Ұлан" әскери-патриоттық ойындарында ІІІ орынға ие болдық!
Мектебіміздің "Жас кадеттері" халық Қаһармандары С.Нұрмағамбетов пен Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық "Жас Ұлан" әскери-патриоттық ойындарында ІІІ орынға ие болды. Олар: Серікқызы Дина, Депутат Жанел, Баймухамбетов Санжар, Қуанышпеков Альтаир, Алпысбай Медет. Жетекшілері АӘТД пәнінің оқытушылары Ж.Жақабай мен Б.Байжұманов. Құттықтаймыз!  
Ілияс Жансүровтің ескерткішіне гүл шоғы қойылды
20
май
2024
Ілияс Жансүровтің ескерткішіне гүл шоғы қойылды
Жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығы аясында Жетісу өлкесінде республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы өтіп жатыр. Осы орайда қаламыздағы Ілияс Жансүровтің ескерткішіне гүл шоғы қойылып, ұлағатты ақынның өлеңдері оқылды. Мектебіміздің өнерлі оқушылары шағын әдеби-музыкалық көріністерімен жұртшылықты тамсандырса, Алматы, Түркістан облысы мен Алматы қаласының жас ақындары Ілияс аталарына арналған өз туындыларын таныстырды. ​https://www.instagram.com/p/C7EiF0lpA2x/​​​
"Отбасы FEST"
18
май
2024
"Отбасы FEST"
Біртұтас тәрбие жоспарына сай, Халықаралық отбасы күніне орай 15-16 мамыр күндері мектебімізде "Отбасы-Фест" науқаны аясында "Менің кіші Отанымның картасы" тақырыбында 1-4 сыныптарда сынып сағаттарды өткізілсе, 5-8 сынып ата-аналарымен "Отбасы - тәрбие ұясы" тақырыбында тренингтер жүргізілді.  Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету; отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу
«Құлагер ақын – ғибратты ғұмыр»
17
май
2024
«Құлагер ақын – ғибратты ғұмыр»
"Оқуға құштар мектеппіз!" жобасы аясында жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Құлагер ақын – ғибратты ғұмыр» атты әдеби оқудан сайыс өткізілді. Мақсаты: қазақ әдебиетінің талантты ақыны Ілияс Жансүгіровтің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу. ІІ кезең «Прозадан
Кезекті отырыс
16
май
2024
Кезекті отырыс
14.05.2024 күні мектебімізде 1-4 сыныптардың жетекшілерімен мектеп директоры С.Б.Жанаберлиеваның қатысуымен кезекті отырыс өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: ✅"Жыныстық тиіспеушілік" ✅"Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік" ✅"Жазғы алаң-2024"  
"Жетісу ұстазы" - І орын!
15
май
2024
"Жетісу ұстазы" - І орын!
"Жетісу ұстазы" байқауының қалалық кезеңінде жүлделі І орынды иеленген ағылшын тілі пәні мұғалімі Джельдыбаева Жанар Төлегенқызын құттықтаймыз!!!
«Оқу марафоны»
15
май
2024
«Оқу марафоны»
2024 жылдың 15 мамыр күні мектебімізде кітапхана меңгерушісі М.Ботаева мен «Жас Ұлан» БЖ ұйымы белсенділерінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6-сыныптар арасында «Оқу марафоны» атты мектепішілік жылдам оқу байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал - мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу. Оқушыларды туған елін, жерін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу. Байқау қорытындысы бойынша І орынға 6ғ сынып
Директордың есептік кездесуі
15
май
2024
Директордың есептік кездесуі
2024 жылдың 15 мамыр күні мектеп-лицей директоры С.Б.Жанабелиеваның мектеп ата-аналарымен есептік кездесуі өтті. Директор ата-аналар ұжымының алдында Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің бюджет қаражатын бөлу туралы есеп берді. Сондай-ақ алдағы жаз айларында ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы және мектеп ауласындағы спорт алаңдары күрделі жөндеуден өтетіні туралы тоқталып өтті. Ата-аналармен кездесу соңында лицей директоры ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Мектеп психологтары