Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ерлік -елдің қасиеті, жүректілік -жігіттің қасиеті"
18
ноябрь
2023
"Ерлік -елдің қасиеті, жүректілік -жігіттің қасиеті"
Қазакстан Республикасының Ұлттық ұланы "Жас бүркіт" әскери патриоттық қозғалысының 20 жылдық мерекесіне орай Б.Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп-лицейінің 11Б "Жас полиция" кадет сыныбы және "Жас сарбаз" 10,9,8 сынып оқушыларымен 5514 әскери бөлім ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы майор Е.С. Джаманбаев және ТжӘҚЖ бөлімше бастығының жастарымен жұмыс жөніндегі көмекшісі 3 сынып сержанты Б.М. Мамажановтың қатысуымен "Ерлік сабағы" өткізілді. #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert
"Әке - асқар тау" әкелер байқауында номинация!
17
ноябрь
2023
"Әке - асқар тау" әкелер байқауында номинация!
"Dastur-Life" жобасы аясында өткен облыстық "Әке - асқар тау" әкелер байқауында мектебіміздің ата-анасы, 6ә сынып оқушысы Мұхамеджан Аяулымның әкесі Нұрбаев Руслан Мұхамеджанұлы ынталандыру номинациясымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды. Құттықтаймыз!  
Кадет оқушылары І орынға ие болды!
16
ноябрь
2023
Кадет оқушылары І орынға ие болды!
Мектебімізідің 10б кадет сыныбы оқушылары 5514 Ұлттық ұлан әскери бөлімінде Ашық есік күні аясында өткен әскери-спорттық жарыста І орынға ие болды. Құттықтаймыз!
“Қазақстан жарық жұлдыздары”
15
ноябрь
2023
“Қазақстан жарық жұлдыздары”
Мектебіміздің 5в сынып оқушысы Дүйсен Сезім Республикалық дарынды оқушыларға арналған “Қазақстан жарық жұлдыздары” балалар топтамасына қабілеттілігімен, дарындылығымен, алғырлығымен ерекшеленіп, ең үздік оқушылар қатарына енгені үшін сертификатпен марапатталып, кітапқа жарияланды. Құттықтаймыз!  
"Әкеге ізет - анаға құрмет"
13
ноябрь
2023
"Әкеге ізет - анаға құрмет"
Біртұтас тәрбие жоспары бойынша мектебімізде 1-4 сыныптарда "Әкеге ізет - анаға құрмет" сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты :оқушыларға отбасы құндылықтарын түсіндіре отырып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. ​https://www.instagram.com/p/Czl5wIBtWIy/?hl=ru​​​
«Тұрмыстық зорлық- зомбылыққа жол жоқ», «Діннен адастырған теріс ағым»
10
ноябрь
2023
«Тұрмыстық зорлық- зомбылыққа жол жоқ», «Діннен адастырған теріс ағым»
Біртұтас тәрбие жоспары бойынша мектебімізде ағымдағы жылдың 9-10 қараша күндері 5-11 сынып оқушыларымен «Тұрмыстық зорлық- зомбылыққа жол жоқ», «Діннен адастырған теріс ағым» тақырыптарында балаға қатысты зорлық-зомбылық пен деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша кездесулер, сынып сағаттары, пікір алмасу және ашық алаң жиналыстары өткізілді. https://www.instagram.com/p/CzeEzFKJGjt/?hl=ru
Полиция қызметкерімен кезекті кездесу
09
ноябрь
2023
Полиция қызметкерімен кезекті кездесу
Мектебімізде 09.11.2023 күні арнайы келген Талдықорған қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Дидар Қалибаев пен мектеп инспекторы, аға лейтенант Д.Тұрсынова 9-11 сынып оқушыларымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, бопсалау мен әлімжеттіктің, нашақорлықтың, жыныстың тиіспеушілік пен ерте жүктіліктің және жол-көлік оқиғалардың алдын алу бойынша ашық алаң, әңгіме-кеңес жүргізді. Сонымен қатар бұндай жағдайлар орын алғанда балаға және ата-анасына қандай жазалау
"Бала қауіпсіздігі - басты назарда!"
08
ноябрь
2023
"Бала қауіпсіздігі - басты назарда!"
Мектебіміздің директоры Салтанат Бейсенбайқызы сынып жетекшілермен "Бала қауіпсіздігі - басты назарда!" ұранымен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында балалардың жолда жүру қауіпсіздігі, мектеп қабырғасындағы қауіпсіздік (мекеп ауласы, спорт алаңдары, дәретханалар), интернеттегі қауіпті аккаунтар жайлы сөз өрбіп, оқыс жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ​https://www.instagram.com/p/CzY7e9Sp_2R/?hl=ru​​​
Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІ орын!
07
ноябрь
2023
Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІ орын!
Мектебіміздің 11ә сынып оқушысы Ерболқызы Жанбота Грэпплинг-AIGA күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Бір айда үш жеңіс!
06
ноябрь
2023
Бір айда үш жеңіс!
Мектебіміздің 8ә сынып оқушысы Хамзина Рауза қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионатында І орын. Дзюдо күресінен облыстық жарыста І орын. Жекпе-жек сайысынан қалалық ашық турнирде І орынға ие болды. Құттықтаймыз!