Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру - басты құндылық"
04
февраль
2023
"Жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру - басты
Мектебімізде "Жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру - басты құндылық" атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға Жетісу облысы мен Талдықорған қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері, елді мекеннің құрметті азаматтары және жас мамандарымыз бен оқушыларымыз қатысып, өзара пікір алмасты. Шара барысында қазіргі жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, қазақстандық патриотизмді нығайту және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру екені айтылды.
"ECO-ALEM" экологиялық үстел ойыны
04
февраль
2023
"ECO-ALEM" экологиялық үстел ойыны
☘Мектебімізде білім алушылардың экологиялық білімдерін жетілдіру мақсатында 01.02.2023 күні 9-10 сынып оқушылары арасында "ЭКО-ALEM" экологиялық үстел ойыны ұйымдастырылды. Ойын қорытындысы бойынша 2-топ 1-ші орынға, 1-топ 2-ші орынға және 3-топ 3-ші орынға ие болды. ☘Ойынның мақсаты қатысушыларды қоқысты дұрыс сұрыптауға үйрету, қайта өңделетін қалдықтар туралы, сұрыптаудың жолдарын және экологиялық зиянды заттар жайлы мағлұмат бере отырып қоршаған ортаны таза ұстауға баулу болып табылады.
“Қазақтың көмекей әулиесі “ атты ақпараттық-поэзиялық сағат
02
февраль
2023
“Қазақтың көмекей әулиесі “ атты ақпараттық-поэзиялық сағат
Жетісу облыстық С.Сейфуллин атындағы кітапхана шаңырағында Бұқар Жырау Қалқаманұлының туғанына 330 жыл толуына орай “Қазақтың көмекей әулиесі “ атты ақпараттық сағат өтті. ⚜️Дөңгелек үстелге Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі оқушылары мен ”Білім”колледжінің студенттері қатысып, жыраудың ойлы өлеңдерін оқыды. Сондай -ақ тарих пәнінің мұғалімі Жүнісов Мәжікен Адамұлы оқырмандарға Бұхар жырау туралы айтып, оның жан жақты қырына тоқталып ,толыққанды ақапарат беріп өтті. ⚜️Қатысушыларға
Кәсіптік бағдар: Жетісу университеті
31
январь
2023
Кәсіптік бағдар: Жетісу университеті
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары елді-мекендермен қатар Талдықорған қаласының мектеп түлектері үшін де өткізілуде. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 31 қаңтарда Б. Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Шараға 9 сыныптың 116 оқушысы және ағымдағы жылы мектепті аяқтайтын 61 түлек қатысты. Жиынды өткізудегі басты мақсат – болашақ білімгерлерге Жетісу университеті жайлы ақпарат беру. 📌Кездесу барысында түлектерге университет жайлы
"Әке, ана және мен спортшымыз шетінен!"
31
январь
2023
"Әке, ана және мен спортшымыз шетінен!"
2023 жылдың 30 қаңтар күні мектебімізде ""Спорт - жетістікке апарар жол" апталығы аясында 1ә сынып жетекшісі С.А.Ақбаева мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.А.Жұрунбаевтың ұйымдастыруымен 1ә сыныбының ата-аналар арасында "Әке, ана және мен спортшымыз шетінен!" атты эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа барлығы 8 отбасы қатысып, өз мықтысын анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды. Төрешілік еткендер "Әкелер мектебі" кеңесі мүшелері мен дене шынықтыру пәнінің
«Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлақтары»
29
январь
2023
«Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлақтары»
2023 жылдың 27 қаңтар күні Талдықорған қаласындағы №18 орта мектеп-лцейінде, "Әкелер мектебі" жобасы аясында «Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлақтары» атты елімізге танымал спортшылармен кездесу өткізілді. Шараның басты мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру және өскелен ұрпақтың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтына дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу. Кездесуге
"Спорт секторлары" арасында Эстафеталық жарыс өткізілді
28
январь
2023
"Спорт секторлары" арасында Эстафеталық жарыс өткізілді
Мектебімізде 27.01.2023 күні "Спорт - жетістікке апарар жол" атты дене шынықтыру апталығы аясында 4-7 сыныптардың "Спорт секторлары" арасында Эстафеталық жарыс өткізілді. "А" сыныптары - "Арлан" тобы болып, "Ә" сыныптары - "Әлем" тобы болып, "Б" сыныптары - "Батыр" тобы болып және "В" сыныптары - "Wolf" тобы болып өнер көрсетті. Нәтижесінде І орынға "Батыр" тобы, ІІ орынға "Әлем" тобы және ІІІ орынға "Арлан" мен "Wolf" топтары ие болды. Құттықтаймыз!
"Әкем, шешем және мен достасамыз спортпен!"
27
январь
2023
"Әкем, шешем және мен достасамыз спортпен!"
2023 жылдың 26 қаңтар күні мектебімізде ""Спорт - жетістікке апарар жол" апталығы аясында 3 сыныптар арасында "Әкем, шешем және мен достасамыз спортпен!" атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш шараның басты мақсаты: ата-аналарды мектепке тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Жарыс өте тартысты өтті, қорытындысы бойынша І орынды 3ғ сыныбының "Жетісу" тобы - Альмахановтар отбасы жеңіп алса, ІІ орынға 3ә - "Қыран" - Берікбай отбасы
«Жат діни ағымдар қауіпі» және «Қыздар арасындағы құқық бұзушылық»
27
январь
2023
«Жат діни ағымдар қауіпі» және «Қыздар арасындағы құқық бұзушылық»
2023 жылдың 27 қаңтар күні мектеп инспекторлары мен "Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің" ұйымдастыруымен мектеп ата-аналарымен «Жат діни ағымдар қауіпі» және «Қыздар арасындағы құқық бұзушылық» тақырыптарында жиналыс өткізілді. Шара барсында күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша қазіргі кездегі кереғар діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік берілсе, 2 мәселе бойынша қоғамда үлкен резонанс тудырған, қаламызда орын алған «қыздар төбелесі» жайында сөз өрбіді. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне