Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жолда абай болайық!"
07
ноябрь
2022
"Жолда абай болайық!"
Мектебімізде кадет сыныбы оқушыларынан құралған "Жас қозғалыс инспекторы" тобының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптарда "Жолда абай болайық!" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Дойбыдан І орын!!!
06
ноябрь
2022
Дойбыдан І орын!!!
Мектебіміздің ұстаздар командасы қала мектептері қызметкерлері арасында ДОЙБЫДАН өткен жарыста І орынға ие болды. Олар: Базылжанов Айбек, Оспанова Дана, Ермухамбетов Қайрат. Құттықтаймыз!
"Жаңартылған білім беру мазмұнында жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру"
06
ноябрь
2022
"Жаңартылған білім беру мазмұнында жас мамандардың кәсіби
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде" 2022 жылдың 03 қарашасы күні "Тәлімгерлік тәжірибеде" жобасы аясында "Жас мұғалімдер мектебінің" кезекті отырысы өтті. Бұл күні жас мұғалімдерге "Жаңартылған білім беру мазмұнында жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру" тақырыбында педагог-сарапшы, қалалық "Жыл мұғалімі-2022" байқауының ІІ орын жүлдегері Есемқұл Аяна мен педагог-модератор қалалық "Үздік сынып жетекшісі-2022" байқауының І орын жүлдегері Анел Нүсіпханова "Шебер
«Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі
28
октябрь
2022
«Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі
Шығармашыл оқушылар арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі бойынша мектебіміздің 10б кадет сыныбы оқушысы Русланқызы Жансая мен жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нүсіпханова Әнел "Жетісу-Дарын" орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!
«Қазақстан - Менің Отаным» атты қабырға газеттер байқауы өткізілді
28
октябрь
2022
«Қазақстан - Менің Отаным» атты қабырға газеттер байқауы өткізілді
Республика күніне орай 7 сыныптар арасында «Қазақстан - Менің Отаным» атты қабырға газеттер байқауы өткізілді. Нәтижесінде І орынға 7ғ сыныбы, ІІ орынға 7в сыныбы және ІІІ орынға 7ә сыныбы мен 7б сыныптары ие болды. Сондай-ақ "Үздік суретші" атағына 7ғ сынып оқушысы Шарымбай Томирис иеленді. Құттықтаймыз! #республикакүні #деньреспубликирк
Қалалық жарыстарда жүлделі орын!
25
октябрь
2022
Қалалық жарыстарда жүлделі орын!
25 қазан - Республика күніне арналған қала мектептері арасында "МІХ 4х400" жеңілатлетикалық эстафеталық жарыста оқушыларымыз жүлделі ІІ орынға ие болды. Олар: 11б сынып оқушысы Тоқтарбай Гүлім, 10б кадет сыныбы оқушылары Айтұмахнбет Әбілмансұр, Қуан Жанел, Бақытжан Әміре. Сондай-ақ Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында ұлттық АСЫҚ АТУ спорт түрінен өткен жарыста командамыз ІІ орынға ие болды. Олар: Қуан Жанел, Ризабек Ерсұлтан және Әділхан Әділет. Құттықтаймыз!🏆🥇
«Тұғыры биік – Республикам менің»
24
октябрь
2022
«Тұғыры биік – Республикам менің»
Мектебімізде 2022 жылдың 11 - 25 қазан күндері аралығында – Республика күнін мерекелеуге арналған «Тұғыры биік – Республикам менің» атты апталық өткізілді. Апталық аясында 1-6 сыныптарда бірыңғай тәрбие сағаттары өткізіліп, "Атамекен" тақырыбында диктант жазылды. 3 сыныптар арасында «Қыран елім -Қазақстан!» атты жылдам оқу байқауы, 7 сыныптар арасында «Қазақстан - Менің Отаным» қабырға газеттер байқауы, 8 сыныптар арасында «QAZAQ eli» зияткерлік сайыс, 8-9 сыныптар арасында дебаттық ойын
«Қыран елім-Қазақстан» атты жылдам оқу байқауы
22
октябрь
2022
«Қыран елім-Қазақстан» атты жылдам оқу байқауы
Мектебімізде "Оқуға құштар мектеппіз!" жобасы аясында 25-қазан Республика күніне орай 3 сыныптар арасында «Қыран елім-Қазақстан» атты жылдам оқу байқауы өткізілді. Жылдам оқу сайысы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» атты кітабы бойынша өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша: І орынға 3а сынып оқушысы Жұмахан Абылай, ІІ орынға 3б - Берікұлы Бағлан, 3в - Нәкен Мұқтар мен Абикен Мирас, ІІІ орынға 3а сынып оқушысы Амантай Айша мен 3б сынып оқушысы