Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Биылғы оқу жылындағы қорытынды аттестаттау мен ҰБТ -ге оқушылардың дайындығы"
07
октябрь
2022
"Биылғы оқу жылындағы қорытынды аттестаттау мен ҰБТ -ге оқушылардың
2022 жылдың 4 қазан күні директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.М.Әмірова 11 сынып түлектерінің ата-аналарымен "Биылғы оқу жылындағы қорытынды аттестаттау мен ҰБТ -ге оқушылардың дайындығы" тақырыбында жиналыс өткізді. Шара барысында алғашқыда мектеп психологы ата-аналармен тренинг жүргізді, әрмен қарай жиналыста оқушылардың таңдау пәндерін қалай таңдап алғаны, түлектердің ҰБТ дайындығы, соның ішінде "Алтын белгіге" және "Үздік аттестатқа" үміткерлердің дайындығы туралы айтылды.
Кезекті қыздар жиналысы
07
октябрь
2022
Кезекті қыздар жиналысы
Мектебімізде "Балауса" қыздар ұйымының жоспарына сай 06.10.2022 күні “Жасөспірімдердің психикалық даму ерекшеліктері және жасөсіпірм қыздарға кеңес, ерте жүктілік” тақырыбында мектеп психологтары Д.Көкежанова, А.Бекзада және педагог-ұйымдастырушы Б.Тайыржан 6-9 сынып қыздарына бейнероликтер көрсету арқылы әңгіме жүргізіп, психологиялық кеңестер берді. Жиналыс барысында оқушылар сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. [media=https://www.youtube.com/shorts/L6NQwh0HrmA] 
"Ұстаз деген - жарық күні ғаламның"
04
октябрь
2022
"Ұстаз деген - жарық күні ғаламның"
2022 жылдың 26 қыркүйек пен 3 қазан күндері аралығында Ұстаздар күніне арналған "Ұстаз деген - жарық күні ғаламның" атты апталық өткізілді. Апталық аясында сыныптарда "Ұстаз мектептің жүрегі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілсе, 9 сынып оқушылары "Болашақтағы ұстаз бейнесі" тақырыбында эссе жазды. Оқушыларымыз "Менің сүйікті ұстазым", "Ұстазыңды құттықта" атты видео челлендж эстафеталарына қатысты. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Жадрашова мен Г.Бейсенбай Жетісу
«Жеңісім саған арналады, Ұстазым!» атты эстафеталық жарыс
30
сентябрь
2022
«Жеңісім саған арналады, Ұстазым!» атты эстафеталық жарыс
"Балалар жылы" аясында Ұстаздар күніне орай дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жеңісім саған арналады, Ұстазым!» атты эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа барлығы 6 команда қатысты. Әр команда сынып жетекшісінен, дене шынықтыру пәнінің мұғалімінен және 5-ші сынып оқушыларынан 4 ұл баладан, 4 қыз баладан жасақталды. Өте тартысты да қызықты өткен бәсекеде: І орынға 5ғ сыныбы командасы, ІІ орынға 5а сыныбы мен 5в сыныбы және ІІІ орынға 5б сыныбы командасы ие болды. Жеңімпаздар мен
Құтырма ауруының алдын алайық!
30
сентябрь
2022
Құтырма ауруының алдын алайық!
"Біз денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеппіз!" жобпасы аясында 28 қыркүйек - Дүниежүзілік құтыруға қарсы күрес күніне орай мектебімізде сынып сағаттары, медбике тарапынан дәріс сағаттары және диктант жазу ұйымдастырылды. Құтыру ауруы дегеніміз - жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталатын және көбінесе өліммен аяқталатын вирустық ауру.Бұл вирус сау адамға осы вирусты жұқтырған жануарлардың тістеп алуы нәтижесінде жұғады. Құтыру вирусы (Neuroryctes rabid) микровирустар Rhabdoviridae
"Мұхтар Әуезов мұрасы – ұрпақ қазынасы"
29
сентябрь
2022
"Мұхтар Әуезов мұрасы – ұрпақ қазынасы"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай 2022 жылдың 28 қыркүйек күні кітапхана меңгерушісі М.Д.Ботаеваның ұйымдастыруымен 8сынып оқушылары арасында "Мұхтар Әуезов мұрасы – ұрпақ қазынасы" тақырыпта библиографиялық шолу өткізілді. Мақсаты: 1. Мұхтар Әуезовтің өмір жолы шығармашылық қызметі жайлы мағлұмат бере отырып, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру. М.О.Әуезовтің қаламынан туындаған көркем әдебиет туындылары жайлы
"Педикулездің алдын алу" атты акциясы - "Жеке бас гигиенасы"
28
сентябрь
2022
"Педикулездің алдын алу" атты акциясы - "Жеке бас гигиенасы"
"Біз денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеппіз" жобасы аясында 2022 жылдың 20 - 30 қыркүйек күндері аралығында "Педикулездің алдын алу" атты акциясы жүргізілуде. Акция шеңберінде 1-11 сынып аралығында дерматомикоз, педикулез жұқпаларын алдын алу мақсатында "Жеке бас гигиенасы" тақырыбында диктант жазылды, дәріс оқылып, сынып сағаттары жүргізілді. Педикулез (битшендік) - бұл биттердің кесірінен болатын ауру. Көбінесе бит жеке гигиена ережесін бұзғаннан, бөтен адамның затын пайдаланып, киімін
"Тәртіпке бағынған құл болмайды"
27
сентябрь
2022
"Тәртіпке бағынған құл болмайды"
Мектебімізде "Жас жігер" ұлдар ұйымы жоспарына сай 26.09.2022 күні "Тәртіпке бағынған құл болмайды", "Жасөспірім арасындағы құқықбұзушылық пен нашақорлық" тақырыптарында ұлдар жиналысы өткізілді. Шара барысында Шара барысында мектептің ішкі тәртібі жайлы, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық туралы, сонымен қатар жастар арасында белең алып тұраған зиянды заттарды тұтыну, электронды темекі, шылым, насыбай, алкогольдің адам ағзасына келтіретін зияны, оларға қатысты жаза түрлері туралы айтылды.
"Менің ісім -өнеге" атты облыстық спартакиадада екі жүлде!!!
26
сентябрь
2022
"Менің ісім -өнеге" атты облыстық спартакиадада екі жүлде!!!
Мектебіміздің АӘДТ пәнінің мұғалімі Бауыржан Мустафинов қалалық команда сатысында өнер көрсетіп, Жетісу облысының білім басқармасы ұйымдастырған "Менің ісім -өнеге" атты облыстық спартакиадасының "Әскери-қолданбалы спорт" түрінен І орынға ие болса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Базылжанов Айбек "Тоғызқұмалақ" ойыны түрінен ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!