Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас»
26
сентябрь
2022
«Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас»
22.09.2022 күні жас мамандармен және жаңадан келген мұғалімдермен «Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас» тақырыбында танысу-тренингі ұйымдастырылды. Мақсаты: мұғалімдердің психологиялық көңіл күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыйластық қарым-қатынас орната отыра кәсіби шеберліктерін арттыру және ұжым боп жұмыс істеуді дамыту. Тренинг барысында жас мамандармен түрлі қызықты ойындар ойнатылды, ұстаздық жолында кеңестер берілді.
"Тіл -бар білімнің кілті" атты онкүндіктің жабылу салтанаты
20
сентябрь
2022
"Тіл -бар білімнің кілті" атты онкүндіктің жабылу салтанаты
Бүгін мектебімізде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Тіл -бар білімнің кілті" атты онкүндіктің жабылу салтанаты өткізілді. Салтанатқа 8-11 сыныптардан барлығы 100-ге тарта оқушы қатысты. Іс-шараларға белсене қатысқан 30-ға тарта оқушы мектеп директорының Алғыс хатына ие болды. Онкүндікті ұйымдастырған қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі өз алғыстарын білдірді. Тіліміз жоғалмасын, еліміз мәңгілік болсын!
"Golden fish" сахналық қойылым
17
сентябрь
2022
"Golden fish" сахналық қойылым
"Балалар жылы" аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған онкүндіктің жоспарына сай 4"ә" сыныбымен ағылшын пәнінің мұғалімдері Шарипбекова Бақыт, Төлегенова Аида мен Әбдімәжітова Жазира "Golden fish" қойылымын қойды. Қойылым оқушылардың шығармашылығын және сөйлеу дағдысын дамытып, сахналық өмірмен танысуға мүмкіндік берді. Көрермендер мен қатысушылар үшін эмоцияға толы кеш болды. Қойылым соңында жас актёрлеріміз марапатталды. Олар: 1. Ерхан Рамазан 2. Ғалым Әлішер 3. Русланқызы Аянат
"Тіл білімінің негізін қалаушы" тақырыбында дөңгелек үстел
16
сентябрь
2022
"Тіл білімінің негізін қалаушы" тақырыбында дөңгелек үстел
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай мектебіміздің кітапхана меңгерушісі М.Д.Ботаева 8 сынып оқушыларымен "Тіл білімінің негізін қалаушы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шараға директордың орынбасары А.Т.Қалипанова қатысты. Шараның негізгі мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. 2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу 3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту
«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт мұраты жолындағы ұлы тұлға» тақырыбында ғылыми конференция
16
сентябрь
2022
«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт мұраты жолындағы ұлы тұлға» тақырыбында
"Балалар жылы" аясында "Тіл – бар білімнің кілті» атты Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндіктің аясында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт мұраты жолындағы ұлы тұлға» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Конференцияда 3 оқушы өз баяндамаларын қорғап шықты. Олар: 8 "Б" сынып оқушысы - Нұрқасым Мубина, 9 "В" сынып оқушысы - Бейсембек Мерей, 11 "Ә" сынып оқушысы - Фазылжан Аяулым. Сонымен қатар, Нұрқасым Мубина Ахмет Байтұрсынұлына арнап жазған арнауын оқып ұстаздар мен көрермендерді тәнті етті.
«Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы»
16
сентябрь
2022
«Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы»
16.09.2022 күні мектебімізде «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» тақырыбында мектеп ұжымымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры Құдайбергенов Шалқар Мелісұлы: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күрделі мәселесі екендігін және жемқорлыққа бірлесіп қарсы тұру керектігін айтып өтті. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз тапсырмасында «Адамдар әлі де жоғары оқу орындарында, колледждерде, тіпті мектептердегі сыбайлас жемқорлықты
"Королевство языков" тақырыбында викториналық ойын өткізілді
13
сентябрь
2022
"Королевство языков" тақырыбында викториналық ойын өткізілді
Бүгін, яғни 13.09.2022 күні Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы 18 орта мектеп - лицейінде" орыс тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында "Королевство языков" тақырыбында викториналық ойын өткізілді. Бұл іс-шараға бірлестік мүшелері: Каримбаева Лязат, Кунапиянова Махаббат, Мықтыбаева Қарлығаш жауапты болды. Викторина сұрақтарына жауап беру барысында оқушылар орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті және тарих
"Тіл-асыл қазынам" атты ой-көкпар сайысы
13
сентябрь
2022
"Тіл-асыл қазынам" атты ой-көкпар сайысы
06.09.2022 ж."Тіл-бар білімнің кілті" атты онкүндік аясында 6-7-сыныптар арасында "Тіл-асыл қазынам" атты ой-көкпар сайысы өтті. Сайысқа Тіл, Алаш, Арыс атаулармен үш топ қатысты. Сайыс 5 кезең бойынша өткізілді. Осы 5 кезеңде оқушылар өздерін жан-жақты көрсете білді. Оқушылар және көрермендер үшін ең қызықты кезең "Суреттегі мақал" және "Әуезді ән" кезеңі болды. Оқушылар өздерін осы екі кезеңде өте белсенді көрсетті.
"Абайлаңыз, балалар!"-2022
10
сентябрь
2022
"Абайлаңыз, балалар!"-2022
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 1-12 қыркүйек күндері аралығында Республикалық «Абайланыз, балалар!» атты акциясы өтілуде. Акцияның мақсаты: оқушылардың жол қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, хабардар ету. Осы орайда 1-4 сыныптар арасында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Оқушыларға жол ережесі жайлы шағын видео ақпарат көрсетіліп, жадынамалар таратылды! #абайлаңызбалалар #осторожнодети