Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алтын сақа" олимпиадасында жүлдегер атанды...
14
октябрь
2021
"Алтын сақа" олимпиадасында жүлдегер атанды...
Мектебімізде "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасы өткізілді. Жеңімпаздарды мектеп директоры Шалқар Мелісұлы марапаттады. 6 сыныптар бойынша Жарасқызы Кәусәр, Рахымжан Бибарыс, Мергенбай Иманғали, 5 сыныптар бойынша Амангелді Гауһар, Айқынқызы Адал және Берік Арсен. Құттықтаймыз!
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында ІІІ орын!
11
октябрь
2021
«Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында ІІІ орын!
«Талдықорған қаласы білім бөлімі» ұйымдастырған, қала мектептері арасында өткен «Білім беру ұйымының үздік жоспары – 2021» байқауында мектеп басшысы Шалқар Мелісұлы бастаған командамыз екінші мәрте жүлделі IІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік!
Тамақтану - 2021-2022 оқу жылы
05
октябрь
2021
Тамақтану - 2021-2022 оқу жылы
Асханадағы ыстық тамақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органымен бекітіліп берген ас мәзірге сәйкес дайындалады. Тамақ өнімдерін сатып алу білім алушылардың тамақ рационына сәйкес және оны сақтау (жарамдылық) мерзімін ескере отырып жүзеге асырылады. Күнделікті асханада жасалған тағамның құрамын, салмағын, санитарлық талаптарға сай екендігін мектептептің комиссия мүшелері тексеру жүргізіп, бақылау актсі толтырылып отырады. Асханада тамақ күнделікті
Армрестлингтен үш жүлде!
18
сентябрь
2021
Армрестлингтен үш жүлде!
Мектебіміздің 10 сынып оқушылары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Қала күні" мерекесі аясында армрестлинг-қол күресінен өткен ашық қалалық жарыста үздіктер қатарынан көрінді! Абилхамит Балжан 1-орын, Оралбекұлы Оралжан 2-орын және Сұлтан Ислам 3-орынға ие болды. Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы армрестлинг жеңімпаздарын қабылдап, өз құттықтауын білдірді  Құттықтаймыз!
Мектептеп асханасындағы жол берілмейтін тағам түрлері
05
сентябрь
2021
Мектептеп асханасындағы жол берілмейтін тағам түрлері
Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында келесі өнімдерді пайдалануға жол берілмейді: 1) қатық, сүзбе, айранды; туралған ет қосылған құймақтарды; флотша макаронды; зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді; кремі бар кондитерлік өнімдерді; тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье); морстар, квастарды; фритюрде қуырылған өнімдерді; шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны; күрделі (4 компоненттен артық)
Облыстық "Кітап-білім бұлағы" дебаттық турнирінде жеңімпаз атандық
17
июнь
2021
Облыстық "Кітап-білім бұлағы" дебаттық турнирінде жеңімпаз атандық
Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Серікбек Жібек Талдықорған қаласы дебаттық клубы сатысыңда өнер көрсетіп, облыстық "Кітап-білім бұлағы" дебаттық турнирінде жеңімпаз атанды. Турнир жеңімпазын дайындағаны үшін тарих пәнінің мұғалімі Абдрахманова Әсел Ерланқызы Алматы облысы білім басқармасы дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Әріптесіміз Еуразиялық дизайнерлер Одағы мүшелігіне қабылданды
10
июнь
2021
Әріптесіміз Еуразиялық дизайнерлер Одағы мүшелігіне қабылданды
Мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі Жанаргүл Сағымжанқызы Сағатова Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық ретроспективті көрмеге қатысып, ұсынған жоғары деңгейдегі шығармашылық жұмыстары үшін жоғары дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар Еуразиялық дизайнерлер Одағы мүшелігіне қабылданды.
"Зерделі гранты" олимпиадасында оқушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді
31
май
2021
"Зерделі гранты" олимпиадасында оқушыларымыз үздіктер қатарынан
Талдықорған қаласы “ZERDELI” ақыл-ой дамыту орталығының ұйымдастыруымен математика пәнінен өткен "Зерделі гранты" олимпиадасында оқушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді! Тұрсұнханов Нұрдәулет - 5в сыныбы, І орын; Әсенұлы Мұстафа - 5в сыныбы, ІІІ орын; Нәбиәлі Ажар - 5г сыныбы, ІІІ орын; Ермекбай Елдар - 5 сынып, грамота; Бекжанқызы Іңкәр - 4а сыныбы, грамота; Берік Әрсен - 4а сыныбығ грамота. 5б сынып оқушылары: Рақымжан Бибарыс - ІІ орын; Мергенбай Иманғали - грамота; Тоқан Перизат - ІІІ орын;