Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Үздік қорғаушы" атанды!
22
март
2023
"Үздік қорғаушы" атанды!
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қартбай Хамит Аманбайұлы волейболдан Алғабас ауылында өткен турнирде І орынға ие болып, "Үздік қорғаушы" атанды. Құттықтаймыз!
"Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауында топ жардық!
16
март
2023
"Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауында топ жардық!
Мектебіміздің жыр сүйер оқушылары 15.03.23 күні мектепаралық өткен қалалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауында топ жарды! 9г сынып оқушысы Адельбаева Бибинұр "Ұлы тұлғаға арнау" бағыты бойынша Бас жүлдеге, 9в сынып оқушысы "Ілияс - сөз шебері" бағыты бойынша Бас жүлдеге және 9г сынып оқушысы Тоқан Ақнұр Алғыс хатқа ие болды. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Анел Нүсіпханова мен Айдана Абенова. Құттықтаймыз!  
"Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңінде ІІ орынға ие болдық!
15
март
2023
"Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңінде ІІ орынға ие болдық!
Мектебіміздің 4а сынып оқушысы Таңатаров Нұрислам математикадан "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңінде ІІ орынға ие болды. Сынып жетекшісі Теміржанова Ләззат Жөкенқызы. Құттықтаймыз!  
"Алтын түлек" олимпиадасында І орын!
14
март
2023
"Алтын түлек" олимпиадасында І орын!
10-11 сынып оқушыларына арналған "АЛТЫН ТҮЛЕК" математикалық олимпиадасының РЕСПУБЛИКАЛЫҚ кезеңінде 11а сынып оқушысы Өмірхан Сабина І орынға ие болды. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Маржан Исабаева. Құттықтаймыз!  
«ROBOTEK GRANT TOURNAMENT» турнирінде ІІ орын!
13
март
2023
«ROBOTEK GRANT TOURNAMENT» турнирінде ІІ орын!
«ROBOTEK GRANT TOURNAMENT» республикалық турнирінің қалалық кезеңінде 8 сынып оқушылары Таңатаров Еркебұлан мен Ерланұлы Әбдікәрім жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшілері информатика пәнінің мұғалімдері Б.Дүзгенбаева мен Ә.Қалиева. Құттықтаймыз!  
Қалалық ойындарда ІІІ орын!
11
март
2023
Қалалық ойындарда ІІІ орын!
Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесі қарсаңында Талдықорған қаласының орта мектептерінің бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген "Көңілді сөре" атты спорттық ойындарда оқушыларымыз ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!  
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары марапатталды!
09
март
2023
Мектебіміздің ұлағатты ұстаздары марапатталды!
Бастауыш сынып мұғалімі Лаубаева Айнұр Ысқаққызы Жетісу облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса, директордың орынбасары, химия пәнінің мұғалімі Қалипанова Айгүл Тоқтарбекқызы мен бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Қамаш Ануарбекқызы Жетісу облыстық мәслихатының Алғыс хаттарымен марапатталды. Құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жана берсін!  
АӘТД пәнінің оқытушысы Мустафинов Бауыржан Нұрланұлы марапатталды!
07
март
2023
АӘТД пәнінің оқытушысы Мустафинов Бауыржан Нұрланұлы марапатталды!
Мектебіміздің АӘТД пәнінің оқытушысы Мустафинов Бауыржан Нұрланұлы қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор А.Джумакеевтың Алғыс хатымен және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің мерейлі 30 жылдық төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз! Еңбегіңіз өрлей берсін!  
"Жыл мұғалімі-2023" байқауы өткізілді
06
март
2023
"Жыл мұғалімі-2023" байқауы өткізілді
2023 жылдың 03 наурыз күні мектепішілік "Жыл мұғалімі-2023" байқауы өткізілді. Байқау 2 бағытта өткізілді: "Үздік педагог" және "Үздік сынып жетекші". Сайыстың мақсаты — талантты мұғалімдерді анықтау, білім берудің жаңашылдық педагогикалық тәжірибесін насихаттау, педагогтардың шығармашылық өсуін қолдау, мұғалімнің жеке басының дамуын ынталандыру. Қорытындысында "Үздік педагог" бойынша І орынға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мөлдір Қараева,  ІІ орынға бастауыш сынып мұғалімі Алтынай Шағатаева,
Жас ақындар айтысында І орын!
06
март
2023
Жас ақындар айтысында І орын!
Мектебіміздің 9а сынып оқушысы Данабай Айжан облыстық "Жыр алыбы - Жамбыл" атты жас ақындар айтысында І орынға ие болды. Айтыс мақсаты: мектеп оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін, тума таланты мен табиғи дарындарын анықтау, жас айтыскерлерге әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Құттықтаймыз!