Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шахматтан ІІ орын!
15
ноябрь
2022
Шахматтан ІІ орын!
Мектебіміздің командасы Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында ШАХМАТ спорт түрінен өткен жарыста 7-8 сыныптар бойынша ІІ орынға ие болды. Олар: Айдархан Акылжан (8ә), Сейдіғалым Бекжан (8Б) және Биқасым Алима (7б сыныбы). Сондай-ақ 5-6 сыныптар бойынша Камалбеков Дастан (5в) үздік ойын көрсеткені үшін марапатталды. Жетекшісі д/ш пәнінің мұғалімі Базылжанов Айбек. Құттықтаймыз!🏆🥇
"Адал ұрпақ - 2022" байқауында үздіктер қатарынан көріндік
13
ноябрь
2022
"Адал ұрпақ - 2022" байқауында үздіктер қатарынан көріндік
Мектебіміздің оқушылары "Адал ұрпақ - 2022" ерікті мектеп клубтарының қалалық байқауында үздіктер қатарынан көрініп, Алғыс хатқа ие болды! Құттықтаймыз! #антикор #антикоррк #адалұрпақ #адалұрпақклубы
Дойбыдан І орын!!!
06
ноябрь
2022
Дойбыдан І орын!!!
Мектебіміздің ұстаздар командасы қала мектептері қызметкерлері арасында ДОЙБЫДАН өткен жарыста І орынға ие болды. Олар: Базылжанов Айбек, Оспанова Дана, Ермухамбетов Қайрат. Құттықтаймыз!
«Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі
28
октябрь
2022
«Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі
Шығармашыл оқушылар арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі бойынша мектебіміздің 10б кадет сыныбы оқушысы Русланқызы Жансая мен жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нүсіпханова Әнел "Жетісу-Дарын" орталығының Алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!
«Қазақстан - Менің Отаным» атты қабырға газеттер байқауы өткізілді
28
октябрь
2022
«Қазақстан - Менің Отаным» атты қабырға газеттер байқауы өткізілді
Республика күніне орай 7 сыныптар арасында «Қазақстан - Менің Отаным» атты қабырға газеттер байқауы өткізілді. Нәтижесінде І орынға 7ғ сыныбы, ІІ орынға 7в сыныбы және ІІІ орынға 7ә сыныбы мен 7б сыныптары ие болды. Сондай-ақ "Үздік суретші" атағына 7ғ сынып оқушысы Шарымбай Томирис иеленді. Құттықтаймыз! #республикакүні #деньреспубликирк
Қалалық жарыстарда жүлделі орын!
25
октябрь
2022
Қалалық жарыстарда жүлделі орын!
25 қазан - Республика күніне арналған қала мектептері арасында "МІХ 4х400" жеңілатлетикалық эстафеталық жарыста оқушыларымыз жүлделі ІІ орынға ие болды. Олар: 11б сынып оқушысы Тоқтарбай Гүлім, 10б кадет сыныбы оқушылары Айтұмахнбет Әбілмансұр, Қуан Жанел, Бақытжан Әміре. Сондай-ақ Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында ұлттық АСЫҚ АТУ спорт түрінен өткен жарыста командамыз ІІ орынға ие болды. Олар: Қуан Жанел, Ризабек Ерсұлтан және Әділхан Әділет. Құттықтаймыз!🏆🥇
"Менің ісім -өнеге" атты облыстық спартакиадада екі жүлде!!!
26
сентябрь
2022
"Менің ісім -өнеге" атты облыстық спартакиадада екі жүлде!!!
Мектебіміздің АӘДТ пәнінің мұғалімі Бауыржан Мустафинов қалалық команда сатысында өнер көрсетіп, Жетісу облысының білім басқармасы ұйымдастырған "Менің ісім -өнеге" атты облыстық спартакиадасының "Әскери-қолданбалы спорт" түрінен І орынға ие болса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Базылжанов Айбек "Тоғызқұмалақ" ойыны түрінен ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
«Рәміздер –рухымыз, ар-ожданымыз» квест ойыны
03
июнь
2022
«Рәміздер –рухымыз, ар-ожданымыз» квест ойыны
"Жазғы мектеп-2022" аясында  С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында, 4 маусым –Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Рәміздер –рухымыз, ар-ожданымыз» атты квеcт –ойыны өтті. Аталмыш шараның мақсаты: -Елтаңба, Ту, Әнұран туралы өскелең ұрпақтың түсініктерін нығайта отырып, Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту болып табылады. Облыстық кітапханада өткен бұл қызықты ойынға, қаламыздың жастары қатысып, екі топқа бөлініп бақ сынасты. Оза шапқан,
Облыстық «Полицияның жас көмекшілері – 2022» байқауында ІІІ орынды жеңіп алдық!!!
26
май
2022
Облыстық «Полицияның жас көмекшілері – 2022» байқауында ІІІ орынды
2022 жылғы 24 мамырда «Бала жылы» аясында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және полицияның жас көмекшілері жасақтарының жұмысын жетілдіру мақсатында Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Полицияның жас көмекшілері – 2022» байқауы өткізілді. Облыстық кезеңге аудандық, қалалық іріктеуден үздік деп танылған 20 команда қатысты. Облыстық «Полицияның жас көмекшілері-2022» байқауында I
Ықшам сабақ байқауында жүлде
26
май
2022
Ықшам сабақ байқауында жүлде
Мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Берліқожанова Айгерім Жанатқызы қалалық "Кенесары хан - ерлік дәуірінің тұлғасы" атты ықшам сабақ байқауында жүлдегер атанып, Алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!