Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Облыстық «Үздік сандық ресурс» байқауында І орын!!!
28
март
2021
Облыстық «Үздік сандық ресурс» байқауында І орын!!!
Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының 2021 жылдық жоспарына сәйкес өткізілген облыстық «Үздік сандық ресурс» байқауында мектебіміздің 9ә сынып оқушысы Марат Айша І орынға ие болды. Жетекшілері информатика пәнінің мұғалімдері Б.Дүзгенбаева мен Ә.Қалиева. Құттықтаймыз!!!
Абай оқуларында жүлделі орындардан көріндік
22
март
2021
Абай оқуларында жүлделі орындардан көріндік
2021 жылдың 17 наурыз күні өткен қалалық ХХІІ Абай оқуларының қорытындысы шығып, мектебіміздің өнерлі оқушылары мен жетекшілері жүлделі орындардан көрінді. 1.“Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” мәнерлеп оқу бағыты бойынша 7б сынып оқушысы Данабай Айжан ІІ орынға ие болды. Жетекшісі К.Е.Епекова. 2.“Абайдың қара сөздері” бағыты бойынша 10ә сынып оқушысы Уағызхан Аяулым ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі А.Д.Садуақасова. 3.«Көңілім әнді ұғады» ән айту бағыты бойынша 6б сынып оқушысы Нұрқасым Мубина
Фаиза есімді қызымыз "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығында"
15
март
2021
Фаиза есімді қызымыз "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығында"
Бала бақыты ел бақыты! Кішкентай Фаиза есімді қызымыз "Бөбек" республикалық оқу-сауықтыру орталығында" демалып, оқуын жетілдіруге мүмкіндік алды. Қызымыз барлық іс-шараларға белсене қатысуда.
Әміржан ІІ орынға ие болды!
15
март
2021
Әміржан ІІ орынға ие болды!
Мектебіміздің 8ә сынып оқушысы Ізтілеу Әміржан Капшағай қаласындағы "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында демалуға мүмкіндік алып, "Өнерлі орта" шығармашылық байқауында ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Оқушыларымыз қалалық байқауларда жүлдегер атанды.
09
март
2021
Оқушыларымыз қалалық байқауларда жүлдегер атанды.
Мектебіміздің оқушылары, 9а сынып оқушысы Данабай Әлібек қалалық "Мұқағали оқулары" онлайн байқауыны қатысып ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Д.Садуақасова. Сондай-ақ 9а сынып оқушысы Оралбекұлы Оралжан қалалық "Жарқын болашақ" олимпиадасында "Сөз шеберлері" бағыты бойынша ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Епекова. Құттықтаймыз!!!
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды
06
март
2021
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен І орын алған оқушылар мен "Дарын" байқауынан І орын алған оқушылар қалалық білім бөлімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Облыстық "Зерде" шығармашылық жобалар байқауында ІІ орын
01
февраль
2021
Облыстық "Зерде" шығармашылық жобалар байқауында ІІ орын
Мектебіміздің 2ә сынып оқушысы Сағындық Қайсар жаратылыстану бағыты бойынша облыстық "Зерде" шығармашылық жобалар байқауында ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Манат Серікқызы Айтболатова! Құттықтаймыз!!!
Ұстаздарымыз Республикалық КИО олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті
01
февраль
2021
Ұстаздарымыз Республикалық КИО олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті
Ұстаздарымыз Республикалық КИО олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткендері үшін І дәрежелі дипломдармен марапатталды! Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Светлана Әбенқызы Дәуренбекова мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Анар Доспайқызы Садуақасова. Құттықтаймыз!!!
ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗЕКТІ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ
30
декабрь
2020
ТАНЫМАЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗЕКТІ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жас тұлғалар, өз саласының көшбасшыларының қатысуымен кезекті онлайн «Адалдық сағатын» өткізді. Бүгінгі бейне-дәрістердің кейіпкерлері жас ғалым, ғылым докторы және 9 патенттің иегері Евгений Золотухин және талантты журналист, журналистер одағының мүшесі Мейіржан Әлібекұлы болды. «Ғылымдағы парасаттылықтың рөлі қандай?» – осы сұраққа Қостанай облысының ірі өңірлік жоғары оқу орнының табысты оқытушысы, жатып сығымдаудан спорт шебері және үлгілі
Республикалық "Зерде" шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінде оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді!
28
декабрь
2020
Республикалық "Зерде" шығармашылық жобалар байқауының қалалық
Мектеп оқушылары арасындағы республикалық "Зерде" шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінде оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді! Олар: І орын алған Сағындық Қайсар - 2 сынып, жаратылыстану, жетекшісі Манат Айтболатова; ІІІ орын алғандар Сырымқызы Амина - 3 сынып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, жетекшісі Айнұр Құмарбаева; Нұрқызы Нұрай - 7 сынып, экология, жетекшісі Кульсимхан Адырбаева; Мырзахан Аружан - 6 сынып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, жетекшісі Арай Болысбекова.