Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ер ел үшін туады..." атты қалалық тәрбиелік іс-шара өткізілді
17
февраль
2019

"Ер ел үшін туады..." атты қалалық тәрбиелік іс-шара өткізілді

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын насихаттау мақсатында 2019 жылдың 13 ақпан күні "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" бағдарламасы бойынша мектебімізде "Ер ел үшін туады..." атты қалалық тәрбиелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ата-баба аманатын түсіндіру, Отанымыздың тұтастығы, тектілік, даралық сияқты ерекше қасиеттерімізді үлгі ете отырып тәрбиелеу. Міндеттері: Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласының негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақ елінің азаттығы үшін күрескен Ұлы даланың Ұлы есімдерін дәріптеу. Халқымыздың бай тарихы ұлттық мақтанышымыз рухында мәлімет беру. Шараға Алматы облыстық ардагерлер ұйымы төрайымының орынбасары Серғазинова Райхан Қапышқызы, облыстық ардагерлер ұйымының мүшесі Жамал Садыққызы, қалалық ардагерлер ұйымының әдіскері Зәуреш Әнуарбекқызы, қалалық әжелер ұйымының төрайымы Назипа Қапанқызы, әжелер ұйымының мүшесі Данагүл Рақымқызы, қалалық ардегерлер ұйымының мүшелері Сүлейменов Беделбек, Нұртай Қыдырәліұлы, сондай-ақ қала мектептерінен директордың орынбасарлары мен әжелер бастауыш ұйымының төрайымдары қатысты. Аталмыш шара өте мазұнды өтті, алғашқыда мектеп ауласында 8-9-10 сынып ұлдарының қатысуымен "Орбұлақ шайқасы" қойылымы көрініс тапты, әрмен қарай мектеп дәлізінде "Домбырашылар" ансамблі күй орындап таңғалдырса, 5-6 сынып оқушылары хор орындады, ал негізгі бөлім мектептің мәжіліс залында жалғасын тауып, мектебіміздің "Шамшырақ" театры үйрмесінің жас актерлері Бауыржан Момышұлы туралы және Елбасы туралы қойылымдар қойды, сондай-ақ өнерпаздарымыз түрлі өнерлерін көрсетіп, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Келген ардақты қонақтарымыз осы шараға өздерінің жоғары бағаларын беріп, ұйымдастырушылар мен оқушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
"Ер ел үшін туады..." атты қалалық тәрбиелік іс-шара өткізілді
"Ер ел үшін туады..." атты қалалық тәрбиелік іс-шара өткізілді
"Ер ел үшін туады..." атты қалалық тәрбиелік іс-шара өткізілді
"Ер ел үшін туады..." атты қалалық тәрбиелік іс-шара өткізілді
"Ер ел үшін туады..." атты қалалық тәрбиелік іс-шара өткізілді
"Ер ел үшін туады..." атты қалалық тәрбиелік іс-шара өткізілді