Материалы за Март 2023 года » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Президентіміз білім саласы туралы
31
март
2023
Президентіміз білім саласы туралы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында білім саласы туралы: Глава государства Касым-Жомарт Токаев на открытии первой сессии Парламента VIII созыва сказал о сфере образования:
Облыстық "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" байқауында ІІІ орын!
30
март
2023
Облыстық "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" байқауында ІІІ орын!
Мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Құрманбаева Айдана Саятқызы облыстық "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" байқауында ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Олимпиада жүлдегерлері марапатталды!
29
март
2023
Олимпиада жүлдегерлері марапатталды!
2022-2023 оқу жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлделі орын алған 13 оқушыға мектеп директоры Шалқар Мелісұлы Құдайбергенов қалалық білім бөлімінің Құрмет грамоталарын тапсырды. Құттықтаймыз!  
«Досыңа кітап сыйла»
28
март
2023
«Досыңа кітап сыйла»
"Оқуға құштар мектеппіз!" жобасы аясында мектебімізде мектеп ұстаздары мен оқушылары «Досыңа кітап сыйла» атты оқырмандар арасында бір-біріне өздерінің оқып тауысқан кітабын насихаттап, досына табыстау шарасы өтті. Жас оқырмандар кітаптан бір-біріне сыйлық жасап, өздерінің оқыған кітаптары туралы пікір алмасты. Әлем ұлыларының кітап туралы даналық ой-пікірлері айтылып, оқуға әдебиеттер ұсынылды. Мақсаты: оқырмандар арасында қарапайым және мейірімге толы кітапты досыңа немесе отбасы мүшесіне
"Оқу мен оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер"
27
март
2023
"Оқу мен оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер"
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде" 2023 жылдың 15 наурыз күні "Тәлімгерлік тәжірибеде" жобасы аясында "Оқу мен оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер" атты қала мектептерінің жас мұғалімдеріне арналған ашық семинар өткізілді. Мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары Айман Дәуренбекова, Бақыт Тайыржанқызы, Самира Балтабекқызы шебер сынып көрсетті. Қалалық шара өте жемісті де нәтижелі өтті. Осы тәжірибелік алаңға қатысып, іс-тәжірибе таратқан барлық ұстаздарға алғыс айтамыз.
Командалық есепте ІІ орын!
25
март
2023
Командалық есепте ІІ орын!
Шахмат және тоғызқұмалақтан 2-11 сынып оқушылары арасында облыстық олимпиада өткізілді. Мектебімізден Талдықорған құрамасында 3"Ә" сынып оқушысы Сманов Али, 2 "в" Алимбек Алима, 5"в" Камалбеков Дастан, 5"б" Сманов Дамир, 11 "б" Тоқтарбай Гүлім өз үлестерін қосып командалық есепте ІІ орынға ие болды. Ал жекелей есепте 2-4 сыныптар арасында Сманов Али ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Айбек Базылжанов. Құттықтаймыз!  
Жұмабек Қуанышбайұлын еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті
24
март
2023
Жұмабек Қуанышбайұлын еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті
Ақсу ауылында 2010-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күрестен ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ КСР спорт шебері Жұмабек Қуанышбайұлын еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті. Жарыс басталмас бұрын «Ақсу» спорт кешеніндегі күрес залына Ж.Қуанышбайұлының есімі берілді. Әрмен қарай тартысқа толы белдесулермен жалғасын тапты. Жарысқа ауданның әр өңірінен 12 команда, 150-ге жуық спортшы қатысты.
Көгалдағы хоккейден ІІ орын!
23
март
2023
Көгалдағы хоккейден ІІ орын!
Мектебіміздің 7ғ сынып оқушысы Медетұлы Арман көгалдағы хоккейден Қарабұлақ кентінде өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 2-ші орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Лучший қорғаушы" атанды!
22
март
2023
"Лучший қорғаушы" атанды!
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қартбай Хамит Аманбайұлы волейболдан Алғабас ауылында өткен турнирде І орынға ие болып, "Лучший қорғаушы" атанды. Құттықтаймыз!
«Қош келдің, әз-Наурыз!»
21
март
2023
«Қош келдің, әз-Наурыз!»
Мектебімізде 2023 жылдың 10 мен 22 наурыз күндері аралығында «Қош келдің, әз-Наурыз!» апталығы өткізілді. «Жас Ұлан» БЖ ұйымының ұйымдастыруымен "Ұлтық киім - ұлт мәдениеті" атты ұлттық киім киіп келу челленджі жүргізілді. Мектеп кітапханасында «Ұлттық дәстүр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1-9 сыныптарда «Наурыз – мерекем, салт-дәстүрім, берекем» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 7 сыныптарда «Nauryz Games» баскетболдан жарыс, 8-9 сыныптарда Наурыз мерекесіне арналған дебаттық ойын