"Мерей Сүйіновтың спорттағы жетістіктері" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Мерей Сүйіновтың спорттағы жетістіктері"
19
ноябрь
2020

"Мерей Сүйіновтың спорттағы жетістіктері"

"Саламатты Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, мектептің күзгі каникул жоспарына сай дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен жерлесіміз "Мерей Сүйіновтың спорттағы жетістіктері" тақырыбында онлайн тәлім сағаты жүргізілді. Шара барысында Мерейдің спорттағы жетістіктері мен еңбек жолы туралы бейнеролик көрсетілді.
Мерей Сүйінов – 1987 жылы 17 ақпанда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Бала кезінен шығыс жекпе-жегіне әуестенген. Айтуынша, оның каратэмен шұғылданғанына 28 жылдай уақыт болыпты. Жетістіктері де айтарлықтай. 2015 жылы Францияда – еуропа чемпионы, 2017 жылы Ресейде – әлем чемпионы атанды. Ал, 2018 жылы еліміздің астанасында өткен әлем біріншілігінде күміс жүлдеге ие болған. Бүгінде Талдықорғандағы каратэ орталығында жетекші қызметін атқарып, жас жеткіншектерге шығыс жекпе-жегінің қыр сырын үйретіп жүр.
"Мерей Сүйіновтың спорттағы жетістіктері"
"Мерей Сүйіновтың спорттағы жетістіктері"
"Мерей Сүйіновтың спорттағы жетістіктері"