Информация » Страница 80 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы»
03
март
2023
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы»
2023 жылдың 25 қаңтар мен 2 наурыз күндері аралығында 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты айлық жүргізілді. Айлық аясында «Алғыс айту – парызым!», «Алтын жүрек» -атты Алғыс айту күніне арналған видео челлендждері («Ата-анама мың алғыс», «Ұстазыма мың алғыс», «Рақмет саған, достым /құрбым/», «Әлемге алғыс» т.с.с) жүргізілді. Видео челленджге барлығы 42 оқушы қатысты. «Қазақстан – мейірімділік мекені» ұранымен аз қамтылған және көмекке мұқтаж отбасы
APEMS өкілдері кәсіптік бағдар берді
03
март
2023
APEMS өкілдері кәсіптік бағдар берді
Астана қаласының Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы - APEMS өкілдері Талдықорған қаласының түлектеріне кәсіби-бағдар жұмысын өткізіп, елордаға жоғары білім алуға шақырды Талапкерлер "APEMS-ке оқуға түсудің 10 себебі" презентациясын тамашалап, сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Аталмыш шараға мектебімізден 15 түлек қатысып қайтты. Келесі мамандыққа оқуға болады: 6В01404 «Qazaq kuresi бойынша педагог-жаттықтырушы» 6В01403 «Үстел спорт түрлері бойынша педагог - жаттықтырушы (шахмат)»
"Қолөнер - тәрбие көзі, жүрек жылуы"
02
март
2023
"Қолөнер - тәрбие көзі, жүрек жылуы"
Мектебімізде "Ризашылық - мейірімділік бұлағы" іс-шарасы аясында "Қолөнер - тәрбие көзі, жүрек жылуы" тақырыбында оқушылар шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды. Мақсаты - қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұлттық өнер арқылы оқушыларды еңбекқорлыққа, шеберлікке және мейірімділікке тәрбиелеу.   ​https://www.instagram.com/p/CpQOvwpgSv2/?hl=ru​​​
Кезекті "Оқу-жаттығу дабылы" шарасы ұйымдастырылды
02
март
2023
Кезекті "Оқу-жаттығу дабылы" шарасы ұйымдастырылды
1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде, елдегі халықты жалпыреспубликалық құлақтандыру күні болып белгіленді. Осы орайда мектебімізде төтенше жағдайлар кезіндегі зақымдану мен тасаттықтың алды алу мақсатында "Оқу-жаттығу дабылы" шарасы ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу аясында мектеп ғимаратынан 600-ге жуық адам қауіпсіз аймаққа шығарылып, құтқару амалдары көрсетілді. ​https://www.instagram.com/p/CpQLAmzArfm/?hl=ru​​​ [media=https://www.instagram.com/p/CpQLAmzArfm/?hl=ru]
"Лучший педагог" және "Лучший жас педагог" төсбелгісімен марапатталды!
01
март
2023
"Лучший педагог" және "Лучший жас педагог" төсбелгісімен марапатталды!
01.03.2023 Алғыс айту күні мектебіміздің мұғалімдері Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының шешімімен білім беру саласына қосқан елеулі үлесі үшін: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбаев Қайыржан Жұмабекұлы "Лучший педагог" төсбелгісімен; Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жас маман Абылқас Меруерт Төлеуханқызы "Лучший жас педагог" төсбелгісімен марапатталды. Марапатқа ие болған үздіктерді мектеп директоры Шалқар Мелісұлы қабылдап, өз құттықтауын білдірді. Құттықтаймыз!
"Жетісудың Сарасы - бар қазақтың дарасы"
28
февраль
2023
"Жетісудың Сарасы - бар қазақтың дарасы"
Бүгін, яғни 28.02.2023 күні мектебімізде Ақын Сараның мемориалды мұражайының ұйымдастыруымен "Жетісудың Сарасы- бар қазақтың дарасы" атты жылжымалы көрме өткізілді. Көрме Сара Тастанбекқызының туғанына 170 жыл толуына арналған. Көрмеде музейдің құнды заттары: Сараның бала кезінде ұстаған домбырасы, іс тігін машинасы мен қайшысы, қазақ ұлттық зергерлік бұйымдары және Сара мен Біржан Салдың айтысын баяндайтын жәдігерлер қойылды. Аталмыш шараға оқушыларымыз қатысып, зор әсерге бөленді.
"Широкая душа твоя, Масленица" атты фольклорлық-эстафеталық ойын
27
февраль
2023
"Широкая душа твоя, Масленица" атты фольклорлық-эстафеталық ойын
Мектебімізде 9 сыныптар арасында "Широкая душа твоя, Масленица" атты фольклорлық-эстафеталық ойын өткізілді. Нәтижесінде Бас жүлдені - 9"Г" сыныбы жеңіп алса, І орынға - 9 "В" сыныбы, ІІ орынға - 9"Ә" сыныбы және ІІІ орынға - 9 "Б" сыныбы ие болды. Құттықтаймыз! Ұйымдастырғандар орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.М.Құнапиянова мен 9а сыныбы жасұландықтары. ​https://www.instagram.com/p/CpH3s_QrsPu/?hl=ru​​​ #ЖетісуОблысыӨзінӨзіБасқару #РУМЦДО #ШкольноеСамоуправлениеЖетісу 
"Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері және ақпараттық қауіпсіздік..."
25
февраль
2023
"Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері және ақпараттық қауіпсіздік..."
2023 жылдың 24 ақпан күні мектебімізде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Жетісу өңірлік өкілдері Нұрғабыл Данияр Берікұлы мен Абдуллин Азат Ержанұлы 8-9 сынып оқушыларымен «Интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері және ақпараттық қауіпсіздік туралы не білу қажет?» тақырыбында жиналыс өткізді. Кездесу-сұхбат барысында оқушыларға интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларына тоқталып, дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін,
"Ауған қақтығысында от кешкендер"
24
февраль
2023
"Ауған қақтығысында от кешкендер"
23.02.2023 күні мектебімізде АӘТД пәнінің мұғалімдері Б.Мустафинов пен Б.Қ.Байжұманов және "Жас Сарбаз" белсенділерінің ұйымдастыруымен "Ауған қақтығысында от кешкендер" атты Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу кешімізге Талдықорған қаласының Тәжік-Ауған соғысының ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Джаманбаев Ержан Советұлы:, Тәжік -Ауған соғысының ардагері запастағы гвардия подполковнигі Иманбаев Бодаубек Тукенұлы және Тәжік-Ауған соғысының ардагері