Мероприятие » Страница 83 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Айбын-2023" жарысына іріктеуден өттік
08
январь
2023
"Айбын-2023" жарысына іріктеуден өттік
Каникулдық мектеп аясында "Айбын-2023" республикалық жарысына іріктеу мақсатында №18 омл мен №11 мектептің сарбаздары арасында жолдастық кездесу өткізілді. Нәтижесінде мектебіміздің командасы І орынға ие болды. Өте тартысқа толы жарыс 7 турдан өтті. 1.АК-74 бөлшектеп жинау 2. Газтұмылдырық (противогаз) уақытқа кию 2ұл 1қыз Әділхан Әділет - Лучший атанды 3. Жалпы әскери қорғаныс жиынтығын (ОЗК) уақытқа кию 1ұл 1қыз Қуан Жанель қыздар арасында үздік кию уақыты 54 секунд көрсетіп үздік атанды. 4.
«Құқық бұзушылықтың алдын алудағы тиімді жобалар»
08
январь
2023
«Құқық бұзушылықтың алдын алудағы тиімді жобалар»
Каникулдық мектеп аясында Жетісу облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы: теория және тәжірибе» тақырыбында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық семинар өткізілді. Осы семинарда мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайыржан Жұмабекұлы Қуанышбаев «Құқық бұзушылықтың алдын алудағы тиімді жобалар» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
"Лучший шет тілі сабағы"
08
январь
2023
"Лучший шет тілі сабағы"
Шетел тілі пәні мұғалімдеріне арналған "Лучший шет тілі сабағы" қалалық байқауында мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абылқас Меруерт Төлеуханқызы ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Шахматтан үздік ойыншы атанды!
08
январь
2023
Шахматтан үздік ойыншы атанды!
Жергілікті кәсіптік одағының ұйымдастыруымен ШАХМАТТАН мектеп қызметкерлері арасында өткен жарыста мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Ақтайлақ "Лучший ойыншы" атағына ие болып, облыстық жарысқа жолдама алды. Ал командамыз 5- орынға табан тіреді. Құттықтаймыз! Сондай-ақ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН мектеп қызметкерлері арасында өткен жарыста мектебіміздің командасы кіші финалға шығып - ІҮ орынға табан тіреді. Жеңіс тұғырынан көрінейік!
Әскери полиция бөліміне саяхат
03
январь
2023
Әскери полиция бөліміне саяхат
2022 жылдың 28 желтоқсан күні Талдықорған қаласындағы әскери полиция бөлімінде мектебіміздің оқушыларына Ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара барысында балалар әскери құқық қорғау органдары қызметінің ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Қару-жарақтың түр-түрімен, кинологтардың жұмысымен және уақытша ұстау изоляторымен танысып қайтты.
Тоғызқұмалақтан өткен Жетісу облысының командалық чемпионатында топ жардық!
03
январь
2023
Тоғызқұмалақтан өткен Жетісу облысының командалық чемпионатында топ
2022 жылдың 30 желтоқсан күні Тоғызқұмалақтан өткен Жетісу облысының командалық чемпионатында мектебіміздің оқушылары, апалы-сіңлілі қыздарымыз, жеңіс тұғырынан көрінді! 7а сынып оқушысы Биқасым Алима ІІІ орынға ие болса, 4а сынып оқушысы Биқасым Аружан І орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз! Алар асуларын көп болсын!
Мектеп басшысы дарындыларды құттықтады
27
декабрь
2022
Мектеп басшысы дарындыларды құттықтады
Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы қалалық пән олимпиадасы мен "Дарын" ғылыми жоба байқауының жүлдегерлері мен жетекшілерін құттықтап, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Олар: Ақыл Дарын - 5 сынып - Математика пәні бойынша І орын, жетекшісі Сванкулова Әсем Серікбайқызы; Төлеухан Құңдыз - 5 сынып - Қазақ тілі пәні бойынша IIІ орын, жетекшісі Мұхажанова Тұрсынхан Ескелдіқызы; Балқашбай Әлинұр - 9 сынып - Тарих пәні бойынша II орын, жетекшісі Берликожанова Айгерим Жанатқызы;
"Рақмет саған, ӘЛІППЕ!"
27
декабрь
2022
"Рақмет саған, ӘЛІППЕ!"
2022 жылдың 26-27 желтоқсан күндері мектебіміздің 1 сынып балғындары алғашқы оқулығы Әліппемен қоштасты. Алғаш қолдарына ұстаған оқулығы Әліппені оқып, жазып, сызуға үйренген бүгінгі оқушылар жан-жақты өнерлерін көрсетіп, меңгерген білімдерін бекітті. Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар мен ұстаздар бүлдіршіндердің өнерлеріне тамсана да, таңдана да қарап, алдағы оқу күндеріне сәттілік тіледі.
Адамова Айдария Әлем чемпионы атанды!
27
декабрь
2022
Адамова Айдария Әлем чемпионы атанды!
4б сынып оқушысы Адамова Айдария Әлем чемпионы атанды! Алматы қаласында өткен Әлемдік "I World Clubs Majorette Sport and Cheerleading International Clubs Championship" атты черлидерлер чемпионатында I орынға ие болды. Хореограф жетекшісі - Борисова Юлия Геннадьевна, сынып жетекшісі - Рамазанова Сандуғаш Жұмабекқызы. Құттықтаймыз!🏆🥇
"Paraqorlyqpen kúresý - parasatty qoǵam qalyptastyrý"
23
декабрь
2022
"Paraqorlyqpen kúresý - parasatty qoǵam qalyptastyrý"
2022 жылдың 22 желтоқсан күні 9-10 сынып оқушыларымен "Paraqorlyqpen kúresý - parasatty qoǵam qalyptastyrý" тақырыбында конференция өткізілді. Мақсаты: 1.“Sybaılas - jemqorlyq” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. 2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту 3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.