Питание » Страница 11 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Лучшийтер марапатталды
07
февраль
2018
Лучшийтер марапатталды
Лучшийтер қатарынан көрінген, облысымыздың, қаламыздың абыройын асқақтатып жүрген дарынды да талантты, білікті де білімді оқушыларымыз марапатталды.
Бұрабайдан бас жүлде!!!
31
январь
2018
Бұрабайдан бас жүлде!!!
Бұрабай-Щучье қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі, "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған "Зерде" ХІІІ республикалық байқауында мектебіміздің 7 сынып оқушысы Орынтай Үміт І орынды жеңіп алды. Жеткшісі технология пәнінің мұғалімі Жанаргүл Сағатова. Облысымыздың абройын асқақтатқан әріптесіміз бен оқушымызға алғысымызды білдіріп, алдағы уақытта көптеген жеңістер тілейміз! Құтты болсын!
Жүлде! Қос жүлде!
17
январь
2018
Жүлде! Қос жүлде!
Қаламызда өткен Республикалық "Дарабоз" байқауында 7ә сынып оқушысы Меңіс Жұлдыз бен 4ә сынып оқушысы Нұрдаулет Ерасыл "Бас жүлдеге" ие болды! Әрқайсысы өз жанрлары бойынша жеңіске жетіп отыр. Құттықтаймыз!!!
Толағай жеңіс сыйлаған бүлдіршіндер!
17
январь
2018
Толағай жеңіс сыйлаған бүлдіршіндер!
Қаламызда "Бақытты елдің ұрпағы" қорының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық "Дала сазы" атты байқауында өнерлі оқушыларымыз қоржынымызға жүлде салды: "Вокал" номинациясы бойынша 0а сынып оқушысы Бауыржан Айзере - "Бас жүлдеге" және 4ә сынып оқушысы Бектұрсын Құралай І орынға ие болды. "Аспапта ойнау" номинациясы бойынша 4б сынып оқушысы Серікқызы Дина ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Облыстық олимпиададан жүлде!!!
08
январь
2018
Облыстық олимпиададан жүлде!!!
Мектебіміздің 9а сынып оқушысы Нұрбек Алихан информатика пəнінен облыстық пəн олимпиадасында III орынға ие болды. Жетекшісі Б.Дүзгенбаева. Құттықтаймыз!!!
Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!
11
декабрь
2017
Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген қалалық олимпиадада жүлделі орын алған оқушыларымыз бен пән мұғалімдерін құттықтаймыз!!! 1.Нұрбек Алихан -9а, І-орын, информатика, пән мұғалімі – Б.Дүзгенбаева 2.Ғымыңгелді Айшуақ -9а, І – орын, химия, пән мұғалімі - Ғ.Кампитова 3.Нүсіп Ердос -10ә, ІІ-орын, информатика, пән мұғалімі – Ә.Қалиева 4.Өкен Әбілқайыр- 10ә, ІІІ – орын, қазақ тілі, пән мұғалімі – Т.Мұқажанова 5.Исалдаева Айдана -10а, ІІІ – орын, орыс тілі,пән мұғалімі -С.Дәуренбекова
"Дарыннан" дара шыққандар!
11
декабрь
2017
"Дарыннан" дара шыққандар!
Облыстық "Дарын" байқауына қатысып, жүлделі орын алған оқушыларымыз бен мұғалімдерді жеңістерімен құттықтап, жаңа табыстар тілейміз! Бердалы Арайлым - информатикадан ІІ орын. Преподавателиі Әсия Қалиева мен Бақыт Дүзгенбаева. Айдархан Күнсұлу - биологиядан ІІІ орын. Мұғалімі Қарлығаш Әмірова. Ерікбай Диана - құқықтанудан ІІІ орын. Мұғалімі Әсем Құлдасова.
Бұл да үлкен жетістік!
11
декабрь
2017
Бұл да үлкен жетістік!
Мектебіміздің 6ә сынып оқушысы Өмірхан Сабина Назарбаев Зияткерлік мектебінде 6 сыныптар арасында математика, ағылшын тілі пәндерінен өткізілген олимпиадада ІІ орынға ие болды! Жетекшісі Самал Сұлтанбекқызы. Құттықтаймыз! Жеңісті сәттеріміз көп болсын!
Дубайға жолдама ұтып алды
11
декабрь
2017
Дубайға жолдама ұтып алды
Мектебіміздің 8б сынып оқушысы Бектұрсын Қарақат Алматы қаласында өткен "Мәңгілік ел - Қазақстаным!" атты байқауда "Бас жүлдені" жеңіп алып, Дубайға жолдама ұтып алды. Құттықтаймыз!
Чехиядан І орын!
23
ноябрь
2017
Чехиядан І орын!
Чехия астанасы Прагада өткен Халықаралық "Атадан - мұра" атты өнер байқауында мектебіміздің 7а сынып оқушысы Қуандық Ақбота І орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!