Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тіл – рухани қазына бастауы»
18
сентябрь
2018
«Тіл – рухани қазына бастауы»
Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында 2018 жылдың 17 қыркүйек күні ҚР Тілдер мерекесіне арналған мектепішілік «Тіл – рухани қазына бастауы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Білім алушылар арасында тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Шара барысында оқушыларымыз үш тілде жазылған өлеңдерді жатқа оқыды. Домбыраны жанына серік еткен өнерпаздарымыз күй орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.
"Бопсалаушылық - ауыр дәрежедегі қылмыс"
15
сентябрь
2018
"Бопсалаушылық - ауыр дәрежедегі қылмыс"
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні мектебімізде жоғары сынып оқушыларына жиналыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды: 1. "Бопсалаушылық - ауыр дәрежедегі қылмыс" - баяндамашы мектеп инспекторы Д.Алтайұлы. 2. "Жасөспірімдер арасындағы
«ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты  Республикалық ата-аналар конференциясы өз жалғасын табуда
09
сентябрь
2018
«ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты
Бүгін, яғни ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні мектебімізде «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты Республикалық ата-аналар конференциясы аясында «10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында ата –аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысын мектебіміздің директоры Ш.М.Құдайбергенов ашып, конференцияның мақсат, міндеттерімен таныстырып өтті. Жиналыс барысында мектебіміздің психолог мамандары А.Н.Нұғыманова мен Т.Д.Нұрғалиева ҰБТ-ге дайындық және
"Ерліктің аты өлмес" даңқ мұражайына танымық саяхат
08
сентябрь
2018
"Ерліктің аты өлмес" даңқ мұражайына танымық саяхат
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеяларын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру мен «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында осы 2018 жылдың 6-7 қыркүйек күндері мектеп оқушыларына мұражайларға, тарихи және мәдени орындарға, саябақтарға танымдық саяхаттар ұйымдастырылды. 8 және 10 сынып оқушылары қаламыздағы Алматы облыстық Ішкі Істер Департаменті жаныңдағы даңқ мұражайына танымдық саяхатқа
"ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: "Өз балаңа үлгі бол" республикалық ата-аналар конференциясы
08
сентябрь
2018
"ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: "Өз балаңа үлгі бол"
Бүгін, яғни 08.09.2018 күні "ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол" атты Республикалық ата-аналар конференциясы аясында мектебіміздің бірінші сынып бүлдіршіндерінің ата-аналарымен "Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты: бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің ата-аналарын бейімделу кезіндегі кездесетін қиыншылықтармен таныстырып, алдын алу шараларын ұйымдастыру. Конференцияға қалалық білім
Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №1 /2018-2019/
03
сентябрь
2018
Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №1 /2018-2019/
Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы №1 Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жүйесі 22.08.2018 ж Қатысушылар саны- 11: Мектеп директоры, ата-аналар комитет мүшелері Күн тәртібінде: 1. Мектептегі « Қамқоршылық кеңес» жұмысы туралы; 2. 2018-2019 оқу жылында «Қамқоршылық кеңес» жұмысын жандандыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру. 3. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу туралы. Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов ата-аналарға «Қамқорлық қорының»
"Мектепке жол" акциясы аясында рейд жүргізілді
16
август
2018
"Мектепке жол" акциясы аясында рейд жүргізілді
2018 – 2019 оқу жылдың "Мектепке жол" Республикалық акциясы аясында 2018 жылдың 15 тамыз күні мектебіміздің мұғалімдері мен ата-ана комитеті мүшелерімен бірлесе қаламыздағы "Мерекелік" саяжайындағы Ландыш, Балықты, Центральная тб көшелеріне рейд жүргізілді. Аталған көшелерде тұратын отбасылардың тұрмсытық жағдайы назардан тыс қалмады. Көмек қажет ететін балалар анықталып, тіркеуге алынды. Көше бойларына "Мектепке жол" парақшалары ілінді.
"Балаға мейірім сыйла"
10
август
2018
"Балаға мейірім сыйла"
9 тамыз күні қаламыздағы №4 орта мектеп алаңында Республикалық «Мектепке жол» акциясының қала бойынша насихаттау жұмыстары жүргізілді. Мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Аталмыш шараға қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары С.Ш.Бақтыбаева қатысып, қала тұрғындарын акцияға белсенділікпен атсалысуға шақырды.
Шаттыққа толы "Эдельвейс" лагері
12
июль
2018
Шаттыққа толы "Эдельвейс" лагері
Ағымдағы жылдың 6 - 12 маусым аралығында жергілікті әкімшіліктің қолдауымен мектебімізден 80 оқушы Текелі қаласындағы "Эдельвейс" сауықтыру лагерінде демалып, денсаулықтарын нығайтты. Лагердің күн сайынғы тіршілігі спорттық және дамыту ойындарына, тауға жорық жасауға, флэшмоб, шығармашылық және интеллектуалды конкурстар сияқты балалардың шығармашылығы мен қабілеттерін дамытатын, дербестігін, еркіндігін оятып, ашатын, жаңа нәрсені үйреніп, жаңа достар табуға тамаша мүмкіндік беретін іс
«Үш тұғырлы тіл» саясатын іске асыру мақсатында зияткерлік-танымдық тренинг
12
июль
2018
«Үш тұғырлы тіл» саясатын іске асыру мақсатында зияткерлік-танымдық
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 10 шілде күні мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 3 сынып оқушыларына «Үш тұғырлы тіл» саясатын іске асыру мақсатында зияткерлік-танымдық тренинг жүргізілді. Мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ой-өрісін кеңейту. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың " Үш тұғырлы тіл” саясатын насихаттау.