Мероприятие » Страница 18 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
«Жасөспірім» профилактикалық рейдтік шарасы ұйымдастырылды
28
декабрь
2024
«Жасөспірім» профилактикалық рейдтік шарасы ұйымдастырылды
2024 жылыдың 27 желтоқсан күні Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің тәрбие жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын - алу мақсатында қалалық полиция басқармасымен бірлесіп «Жасөспірім» профилактикалық рейдтік шарасы ұйымдастырылды. Рейд барысында оқушыларымыз тіркелген жоқ. Аталмыш РЕЙД осы күндері жалғасын табады.  
"Қош келдің, Жаңа жыл!"
27
декабрь
2024
"Қош келдің, Жаңа жыл!"
2024 жылдың 23-25 желтоқсан күндері аралығында мектебімізде Жаңа 2025 жылды лайықты қарсы алу мақсатында кесте бойынша барлық сыныптарда "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты жасыл шырша манында ертеңгіліктер мен бал кештері ұйымдастырылды. Шара барысында көңілді ойындар жүргізіліп, өнерлі оқушыларымыз ән мен биден шашу шашты. Жаңа жылда деніміз сау, еліміз аман болып, жаңа табыстарға жетейік.
«Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейдтік шарасы ұйымдастырылды
26
декабрь
2024
«Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейдтік шарасы ұйымдастырылды
2024 жылыдың 25 желтоқсан күні Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің тәрбие жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын - алу мақсатында қалалық полиция басқармасымен бірлесіп «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейдтік шарасы ұйымдастырылды. Рейд барысында оқушыларымыз тіркелген жоқ. Аталмыш РЕЙД осы күндері жалғасын табады.
«Ұстаз» фильмі көрсетілді
25
декабрь
2024
«Ұстаз» фильмі көрсетілді
23.12.2024 күні ата-аналар мен жас мамандарға Бейсен Құранбектің идеясымен түсірілген «Ұстаз» фильмі көрсетілді. Туынды өз ауылына ұстаздықпен оралған жас жігіттің бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Жас маман балалардың білімге деген құштарлығын ояту үшін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың арман-мақсатқа жетуіне жол сілтейді. «Ұстаз» фильмі – ұрпақ тәрбиесі мен білім беру ісінің маңыздылығын көрсететін, көрермендерді ойлануға және шабыттануға шақыратын тәрбиелік маңызы зор туынды.  
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты Президенттік шырша өтті
24
декабрь
2024
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты Президенттік шырша өтті
24.12.2024 күні Талдықорғанда "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты мерекелік шырша өтті Облыс әкімдігі мен білім басқармасы ұйымдастырған шараға 200 бала қатысты: аз қамтылған, көп балалы отбасылардан, жетім және қамқоршылықтағы, сондай-ақ оқу озаттары мен шығармашыл балалар.     Облыс әкімі балаларға планшет, рюкзак, тәттілер мен құттықтау қағаздарын сыйлады. Мереке ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ойындар, би және театрландырылған қойылыммен жалғасты. 231 балаға тәтті сыйлықтар берілді. 
"Жас Сарбаз" әскери-спорттық ойындарда командамыз жүлделі ІІІ орынға ие болды.
23
декабрь
2024
"Жас Сарбаз" әскери-спорттық ойындарда командамыз жүлделі ІІІ орынға
Қалалық "Жас Сарбаз" әскери-спорттық ойындарда командамыз жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшілік еткендер АӘТД пәнінің оқытушылары Б.Байжұманов пен Ж.Жақабай. Құттықтаймыз!
20 минут әдеби кітап оқу
23
декабрь
2024
20 минут әдеби кітап оқу
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеппіз!» жобасы бойынша аптасына бір мезет 20 минут әдеби кітап оқу науқаны жалғасып жатыр. Аталмыш жобаның мақсаты: Балалар мен жастардың оқуға құштар құзыреттіліктерін дамыту. Оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыру. ​https://www.instagram.com/p/DDtHIymtj3S/​​​
Қала әкімінің Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
21
декабрь
2024
Қала әкімінің Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
20.12.2024 күні Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық Мәдениет үйінде қала әкімінің Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Арнайы әзірленген мерекелік бағдарламаның шымылдығын Талдықорған қаласы әкімі Ернат Бәзіл ашып, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, сыйлықтар тарту етті. Мерекелік шараның жалғасы Алматы қаласынан арнайы келген цирк студиясының әртістері таңғажайып қойылымымен балаларды қуанттып, түрлі ән салып, би билеп, балаларға көтеріңкі көңіл кдомсыйлады. Балалар әр
Кәсіптік бағдар және патриоттық тәрбие
20
декабрь
2024
Кәсіптік бағдар және патриоттық тәрбие
18.12.2024 күні Жетісу облысы Полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Бақытбек Дәуітбекұлы Маратов пен аталмыш басқарманың инспектор - полиграфологі полиция аға лейтенанты Абишев Ернар Нургалиулы мектебіміздің 11 сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіптік бағдар берді. Сондай-ақ қазіргі кезде құқық қорғау органдары қызметінің алар орны мен маңыздылығы туралы айтып, жастарды елін сүйетін отаншыл, патриот, ержүректі болуға шақырды.  
“Асқар тау әке, Зерек бала” атты облыстық байқауында І орын!
19
декабрь
2024
“Асқар тау әке, Зерек бала” атты облыстық байқауында І орын!
Мектебіміздің “Әкелер мектебі” кеңесінің төрағасы Абылай Қожақов “Асқар тау әке, Зерек бала” атты облыстық байқауында І орынға ие болды. Құттықтаймыз!