Мероприятие » Страница 19 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Ел болып “Ұстаз” фильмін тамашаладық!
18
декабрь
2024
Ел болып “Ұстаз” фильмін тамашаладық!
Елімізде марқұм журналист Бейсен Құранбектің идеясы негізінде «Ұстаз» атты фильмі жарыққа шықты. Көрерменге жол тартқан туындының сценариін Бейсен ағамыздың жары Гүлмира Зербай жазған. Ал режиссері жетісулық Ерлан Ошақбай. - Мен үшін фильм өте әсерге толы болды, әр көрерменнің жүрегіне жетті деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл фильмде шәкірттеріміздің басты рөлдердің бірінде сомдап жүргендерін мақтанышпен айтқымыз келеді. (Естелік фото премьерадан)   
Республикалық "ҮЗДІК СЫНЫП" байқауында І орын!
18
декабрь
2024
Республикалық "ҮЗДІК СЫНЫП" байқауында І орын!
«ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ПСИХОТЕХНИКА» ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ұйымдастырған Республикалық "ҮЗДІК СЫНЫП" байқауында 9ғ сыныбы І орынға ие болды. Сынып жетекшісі Қ.Ж.Қуанышбаев. Ал осы байқауға қатысушыларды дайындауға қосқан үлесі үшін ұйымдастырушы-педагог Гүлдана Бейсенбай Алғыс хатқа ие болды. Алматы қаласы, 2024 жыл. Құттықтаймыз!
“Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы”
17
декабрь
2024
“Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы”
Жетісу өлкесіндегі алғашқы қазақ білім ордасы “Мамания” мектебінің ашылғанына 125 жыл толуына орай өткізілген “Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы” атты облыстық білімгерлер байқауында мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Ахметханов Нұржан Дастанұлы командасымен жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жансүгіров кенті, 2024 жыл.
"Тәуелсіздік кубогы” - ІІІ орын!
16
декабрь
2024
"Тәуелсіздік кубогы” - ІІІ орын!
Мектебіміздің "Алаш“ дебат клубының қыздары №125 мектепте өткен қалалық "Тәуелсіздік кубогы” дебаттық ойындарында ІІІ орынға ие болды. 9ғ сыныбы командасы /Сейдулла Айару мен Құралхан Айғаным/ және 9б сыныбы командасы /Ілияс Жаннұр мен Есенжолқызы Диана/. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Н.Д.Ахметханов. Құттықтаймыз!
“Qazaqsha mi battle“ - ІІІ орын!
14
декабрь
2024
“Qazaqsha mi battle“ - ІІІ орын!
Мектебіміздің "Асылтас" командасы облыстық “Qazaqsha mi battle“ Бейсен Құранбек кубогы байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды. Олар: Нұрқасым Мубина, Адельбаева Бибінұр, Абикенов Мәди, Данабай Айжан, Жақсылық Әбілмансұр. Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Арай Болысбекова. Құттықтаймыз!
"Ұлттық рух-Тәуелсіздік тірегі"
13
декабрь
2024
"Ұлттық рух-Тәуелсіздік тірегі"
Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 1-11 сыныптарында "Ұлттық рух-Тәуелсіздік тірегі" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халкына кызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білімдерін тереңдету.
“Су - тіршілік көзі”
12
декабрь
2024
“Су - тіршілік көзі”
Мектебімізде барлық сыныптарда “Су - тіршілік көзі”, “Судың маңызы және оны қорғау”, “Су құрылымы - табиғаттың сұлулығы” тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына экологиялық тәрбиелеудің құрамдас бөліктерінің бірі – суды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Су ресурстарын ұтымды басқару әдістері болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізі болып табылатындығын түсіндіру.
ВАКАНСИЯ!!!
11
декабрь
2024
ВАКАНСИЯ!!!
"Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі» КММ-сі ENBEK. KZ. электронды биржасына, әлеуметтік желі нысандарына мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға конкурс жариялайды! Конкурс Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес